ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

1148
Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімімен және Түркістан облысының әкімі Ө.Шөкеевтің өкімімен Түркістан облысы әкімінің орынбасары болып МЫРЗАЛИЕВ Мейіржан Иябайұлы тағайындалды.
Мейіржан Иябайұлы 1980 жылы туған.
Білімі: Қазақ Мемлекеттік Заң Университеті (1998-2002) заңгер, Ломоносов ат. Мәскеу  Мемлекеттік Университеті (2005-2006) экономист, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару Академиясы (2010-2011), Дьюк Университеті (АҚШ, Дарем 2014-2016) – халықаралық саясат магистрі.
 Еңбек өтілі:
АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ: Құрылыс басқармасының бас маманы (2003-2005); Заң және әкімшілік бөлімінің бастығы (2005-2007) ;
ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТР КЕҢСЕСІ: Индустриалдық-инновациялық даму бөлімінің бас сарапшысы (2008-2009);  Бизнес-орта және инновация секторының меңгерушісі (2009-2011); Мемлекеттік реттеу секторының меңгерушісі (2011-2013)
ДҮНИЕЖҮЗІЛІК БАНКТІҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАРЖЫЛЫҚ КОРПОРАЦИЯСЫ (IFC) (Вашингтон қ., АҚШ):  Ауыл шаруашылығындағы бизнесті дамыту бойынша іс-тәжірибе (2015)
ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТР КЕҢСЕСІ: Премьер-Министрдің бірінші орынбасарының кеңесшісі (2016), Премьер-Министрдің кеңесшісі (2017).
ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ: 2017 жылдың қаңтар айынан бастап облыс әкімінің орынбасары қызметін атқарып келген.
Қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде еркін сөйлейді.
Үйленген, 2 ұл, 2 қыз тәрбиелеуде.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі