Түркістан облысында ерікті жастар қайырымдылық акциясын өткізді

1017
Түркістан облысында ерікті жастар «Қолғабыс» қайырымдылық акциясын өткізді. Мақатаарал ауданында ұйымдастырылған шараға қатысушылар өздері тұратын ауылдар мен көшелерден жомарт және кәсіпкер жандардың демеушілігімен әлеуметтік дүкенге 200-ге тарта түрлі киім-кешек әкеліп өткізді,  деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қайырымдылық акциясы Елбасының табысты кәсіпкерлер мен қалталы азаматтарды қоғам үшін игі іс жасауға шақырған Үндеуін жүзеге асыру мақсатында ұйымдастырылды. «Жастар ресурстық орталығы» бастамасымен өткен шарада Мырзакент кентіндегі әлеуметтік дүкенге әлеуметтік қолдауды қажет ететін аз қамтамасыз етілген және көпбалалы отбасылар шақырылды. Оларға қайырымдылық акциясына жиналған заттар мен киім-кешектер тегін үлестірілді.
Айта кетейік, аталмыш дүкенде күнделікті тұтыну заттары мен азық-түлік өнімдері базар бағасынан 15-20 пайызға арзан сатылса, мұқтаж жандардың қажеттілігіне қарай киім-кешек тегін беріледі.  Аудан әкімі Бақыт Асановтың бастамасымен ашылған нысанның негізгі мақсаты — тұрмысы төмен және аз қамтамасыз етілген отбасыларға, көп балалы отбасыларға әлеуметтік қолдау көрсету және көмек қолын созу.