Түркістан облысында вирус жұқтырған үш адам Нұр-Сұлтаннан келген әйелмен байланыста болған

157
Түркістан облысында індет жұқтырған үш адам Нұр-Сұлтан қаласынан келген әйелмен қарым-қатынаста болғаны анықталды. Бұл туралы облыс әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов Facebook парақшасында жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Сәкен Қалқамановтың айтуынша, өңірде бүгін коронавирус жұқтырған тағы төрт адамның тұрғылықты жері белгілі болды.
«Үш адам Нұр-Сұлтан қаласынан келген әйелмен жақын қарым-қатынаста болған. Ал, бесінші науқас Алматы қаласынан келген. Осы жағдайға қатысты өзге мәліметтерді онлаин брифингте айтатын боламыз», делінген хабарламада.
Айта кетейік, кеше Түркістан облысында бір адамның індет жұқтырғаны анықталған. Ол 23 наурыз күні Павлодар-Қызылорда бағытындағы поезбен келген Жетісай ауданының тұрғыны болып шықты. Ол, 27 наурызда қызуы көтеріліп, ауруханаға 30 наурыз күні қаралған. Әзірге анықталғаны — науқаспен 16 адам қарым-қатынаста болған. 5 адам Нұр-Сұлтан қаласында байланыста болса, 11 адам Жетісай қаласының тұрғындары екені расталды.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды осында енгізіңіз