Түркістан облысының сүт өндіруден озат ауданы анықталды

1609

Сондай-ақ, «Мақсары өндіруден озат аудан» да белгілі болды.
Түркістан облысы бойын сүт өнімдерін өндіруден үздік болып Төлеби ауданы танылып отыр, деп хабарлайды Ardak.kz Төлеби ауданы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жуырда Түркістан қаласында өткен «Агрофест — 2018» ауыл шаруашылығы фестивалінде Төлеби ауданы облыс бойынша сүт өндіруден 1 орынға ие болып, арнайы марапатталды. Фестивальде Төлеби ауданы «Сүт өндіруден озат аудан» және «Мақсары өндіруден озат аудан» деп танылып, арнайы номинацияға ие болды. Сондай-ақ, биыл Төлеби ауданында 14 209 тоннадан астам мақсары мен 17 695 тонна сүт өндірілген. Төлеби ауданында өндірілген сүттің көлемі — Түркістан облысы бойынша 95% құрайды. Айта кету керек, Түркістан қаласында алғаш рет «AGROFEST-2018» ауыл шаруашылығы фестивалі ұйымдастырылған болатын. «Есімхан» алаңында өткен шараға ауыл шаруашылығы саласының ардагерлері, еңбек озаттары, кәсіпкерлер, халық қалаулылары мен сала мамандары қатысып, облыс әкімі үздік деп танылған аудандарға арнайы номинациямен мапаттаған еді.