ТҮРКІСТАН: ПАРАСАТТЫ ҚОҒАМДЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУДА «АДАЛДЫҚ АЛАҢЫНЫҢ» ТИГІЗЕР ҮЛЕСІ МОЛ

875
Бүгінгі күні Мемлекет басшысының Жолдауын жүзеге асыру мақсатында еліміздің барлық өңірлерінде тұрмыстық сыбайлас жемқорлықты жоюға бағытталған бірегей бастама — «Адалдық алаңы» жобасы іске асырылуда.
    Жобаның құрылудағы негізгі мақсаты — мемлекеттік қызметтерді алу кезінде ел азаматтары үшін қолайлы жағдай жасау, ашықтық қағидатына негізделген адал қоғам мен парасатты мәдениетті қалыптастыру және қоғамдық бақылауды пәрменді іске асыруды қамтамасыз ету.
Бүгінде Жобалық кеңсенің жұмысын ілгерілету және халықтың түйткілді мәселелерін жедел шешу үшін өңірлік жобалық кеңселердің басшылары сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша облыстар мен қала әкімдерінің штаттан тыс кеңесшісі болып тағайындалған еді.
Осыған орай, жауапты тұлғаларды бекіту жолымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелерін күшейту бойынша келелі жұмыстар Түркістан облысына қарасты қала/аудандық деңгейде жүргізіліп, «Түркістан — адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің өкілдері қала/аудан әкімдерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша штаттан тыс кеңесшісі ретінде тағайындалып отыр.
Бұл тәсіл жергілікті жерлерде жең ұшынан жалғасқан жемқорлықты болдырмауға және алдын алуға, сондай-ақ қоғамдық бақылаудың күшеюі мен ашық қоғамның қалыптасуына негіз болмақ.
    Егер азаматтар мемлекеттік қызмет алу кезінде әкімшілік кедергілерге немесе тиісті кеңес алу қажеттіліктеріне кезіксе, суретте көрсетілген байланыс нөмірлері бойынша тікелей хабарласуларына болатындығын ескертеміз!