Түркістанды түлетуге жас мамандар үздік жобаларын ұсынды

1406
Облысы әкімі Өмірзақ Шөкеевтің қатысуымен өңірді дамытуға арналған жас мемлекеттік қызметшілердің үздік жобалары таныстырылады.
Түркістанда I-Shatyr, EKO-Jai, Zhan-Uia, EthnoVillage, Е-Gov, «Таза сана, таза қала» жобалары жүзеге асады, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.
I-Shatyr жобасы – Яссауи кесенесі аймағында ыстықтан қорғайтын смарт шатырлар жүйесін орнатуға арналған. EKO-Jai – Бәйдібек ауданында туристтер үшін экологиялық шағын демалыс үйлерін салуға болады екен. Zhan-Uia – қаладағы қарттар үйі мен балалар үйін эксперимент ретінде біріктіруге болады. EthnoVillage – қаланың тарихи аймағына этноауыл салуға жағдай жасаса, Е-Gov жүйесіне көпбалалы аналарға жәрдемақы беруді оңтайландыру үшін қосымша функция ашу мүмкіндігін тудырмақ. «Таза сана, таза қала» жобасы – Кентау қаласында қоқыс шығару жүйесін цифрландырып, тұрғындарды тазалыққа үйретеді.
Облысы әкімі Өмірзақ Шөкеевтің қатысуымен өңірді дамытуға арналған жас мемлекеттік қызметшілердің үздік жобалары таныстырылады.
Бұл жобаларды ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Түркістан облыстық филиалында үш апта бойы қайта даярлаудан өткен жас мемлекеттік қызметшілер ұсынып отыр. Жобалар жергілікті халықтың жағдайын жақсартатын әлеуметтік салаларды және өңірлік бюджетке кіріс әкелетін туризмді дамытуға бағытталғандығын атап өтті. Тез арада іске асыру барысы бойынша сала мамандарына нақты тапсырмалар берді.