Жаппай сатылым: Италияда пәтерлер 1 еуродан сатылып жатыр

1281
Итальяндық муниципалитет Самбука-ди-Сицилия қаласының билігі ерекше науқанды іске қосты. Олар пәтерлерді 1 еуродан беріп жатыр. Бұл туралы CNN арнасына сілтеме жасап Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.
Мұндағы биліктің мақсаты – халық саны азайып бара жатқан аймақта тұрғындарды көбейту. Сатылымға ондаған тарихи объектілер шығарылған.
Сатып алушылар үйді үш жылдың ішінде жөндеуден өткізіп, оған кемі 15 мың еуро жұмсауы тиіс. Бұдан бөлек, олар қалалық казнаға бес мың еуро көлемінде депозит салуы тиіс. Жөндеу жұмыстары аяқталған соң бұл ақша қайтарылады.
“Тек насихат үшін осындай қадамға барған басқа қалалармен салыстырғанда біздің әкімшілік құны 1 еуро тұратын пәтерлерге расымен де ие”, – деп хабарлады вице-мэр Самбуки Джузеппе Качиоппо.
Ол Самбуканы демалуға қолайлы тыныш қала деп атады.
Бағдарлама аясында онға жуық объект пайдалануға беріліп үлгерді. Әсіресе, Швейцария, Франция, Испания елдерінен сұраныс көп түсіп жатқан көрінеді.