Жаза күшейсе де, жапа шегушілер азаяр емес. Қазақстанда әйелдер құқығын қалай қорғаймыз?

1363

2020 жылдың алғашқы 5 айында отбасылық-тұрмыстық құқық бұзушылықтардың саны 25 пайызға өскен.

Біріккен ұлттар ұйымының ақпаратына сәйкес, әлемде әрбір үшінші әйел күш көрсету және/немесе жыныстық зорлыққа ұшырайды. Сол себепті ұйым әлем мемлекеттерін әйелдер мен қыздардың құқығын қорғап, мүмкіндігін арттыруды күшейтуге шақырады.

БҰҰ-ның Тұрлаулы даму туралы 2030 жылға дейінгі тұрақты даму мақсаттарын қамтитын бағдарламасын осы ұйымның 2015 жылғы тарихи саммитінде әлем көшбасшылары бірауыздан қабылдаған болатын. Тұрақты дамудың барлығы 17 мақсаты айқындалды. Олар адамзат дүниесінің қазіргі және келешек берекелі тіршілігінің барлық элементтерін қамтиды.

Тұрақты даму мақсаттарын қолдаған елдер қатарында Қазақстан да бар. Себеп – бұл мақсаттар біздің еліміздің алдында тұрған мақсаттар мен міндеттерге толық сәйкес келеді. Қазақстанда Тұрақты даму мақсаттары бойынша Үйлестіру кеңесі 2018 жылдың 15 тамызында құрылған. Кеңестің жұмысын үйлестіруші орган – Ұлттық экономика министрлігі болса, хатшылық рөлін «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ атқарады. Институт, сондай-ақ, сарапшылық-талдамалық қолдау көрсетеді.


Оқи отырыңыз: «Бетіңе қышқыл шашып, пышақтап кетемін». Дағдарыс орталығын паналауға мәжбүр әйелдердің оқиғалары


«Тұрақты даму мақсаттарын қаржыландыру мен оған қаржы тарту – Қазақстан үкіметі мен БҰҰ ынтымақтастықта жүргізіп отырған жұмысының басты бағыттарының бірі. Қазір еліміз Тұрақты даму мақсаттарының индикаторларын бейімдеу жұмыстарын аяқтауға жақын. Келісілген, жан-жақты индикаторлардың түпкілікті жиынтығы Мемлекеттік жоспарлау жүйесіне қамтылатын барлық ұлттық стратегиялар мен бағдарламалардың тиімділігіне жүргізілетін мониторингті күшейте түсуге мүмкіндік береді», – дейді «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ Стратегиялық әзірлемелер және тұрақты даму орталығы директорының орынбасары Заур Ибрагимов.

Оның ақпаратына сәйкес, 2019 жылы БҰҰ Даму бағдарламасының қолдауымен Қазақстанда ұлттық бюджетті жылдам әрі кешенді бағалау және Дамуды қаржыландыру жайын бағалау бойынша зерттеулердің бірінші кезеңі өткізілген.

Бұл зерттеудің басты мақсаты – ұлттық бюджеттің Тұрақты даму мақсаттарымен үйлесімділігін, сонымен қатар елдің дамуды қаржыландыру әлеуетін бағалауға саяды.

Тұрақты даму мақсаттарына бюджет бөлудің артықшылығы – бюджеттің орындалуын бағалаудың ұлттық жүйесін жетілдіру мақсаттарына қызмет етеді немесе ресурстарды бөлу мен арбитражды басқару құралы бола алады. Бюджетті жасақтау үдерісінде келіссөздердің құралы ретінде Тұрақты даму мақсаттарын пайдалануда келесі екі дерек ескерілуі тиіс:

  1. Жай ақша бөлуден көптеген мақсатты көрсеткіштерге қол жетпей қалуы ықтимал. Олар бұған қоса саяси шараларды, мемлекеттік нормалар мен ережелерді талап етеді.
  2. Тұрақты даму мақсаттары «қанша ақшаны қайда жұмсауымыз керек?» деген сұраққа ғана емес, «осы қаржыны қайтсек дұрыс жұмсаймыз?» деген сұраққа жауап ретінде де пайдаланылуы керек.

Тұрақты даму бойынша 2020 жылғы есептің қорытындысына сәйкес, Қазақстан 100 балдан 71,1 балл жинап, 166 елдің ішінде 65-орын иеленген. Бірінші орында 84,7 балл нәтижемен Швеция тұр.

Институт ақпаратына сүйенсек, «Аштықпен күрес», «Сапалы әрі қолжетімді білім», «Гендерлік теңдік», «Таза энергия», «Лайықты жұмыс және экономикалық өсім», «Индустрияландыру, инфрақұрылым және инновациялар», «Климаттың өзгерісімен күрес», «Бейбітшілік, әділеттілік және тиімді институттар» секілді мақсаттар бойынша орташадан сәл жоғары жетістік байқалуда.

Осы мақсаттар бойынша ел қажетті баллдың 50 пайызынан астамын жинады. Ол жеткіліксіз, демек, еліміз 2030 жылға дейін аталған мақсаттарға жете алмауы ықтимал. Жүз пайыз жету үшін тиімді шаралар қолдану қажет.

Ең төмен қарқын он бірінші «Тұрлаулы қалалар мен елді мекендер», сондай-ақ, он бесінші «Құрлық экожүйелері» мақсаттары бойынша байқалуда. Осы мақсаттар бойынша да барынша белсенді шаралар қолдану қажет.

Үйлестіру кеңесі 2019 жылы 297 ұлттық индикаторды хаттамамен бекіткен. Оның ішінде гендерлік бағыттағы индикатор саны – 53 .

Гендерлік теңдік мәселелері Мемлекеттік жоспарлау жүйесінде қалай көрініс тапқан:

  1. «Гендерлік теңдік» мақсатының қамтылуы – 77,8%;
  2. гендерлік теңдік мәселелері «2030 жылға дейінгі отбасылық және гендердік саясат концепциясында» көрініс тапқан;
  3. гендерлік бюджет бөлу элементтері қарастырылмаған – халық арасындағы түрлі әлеуметтік топтар мен таптардың мүдделері мен сұраныстары теңгерімді түрде ескерілмеген;
  4. «Гендерлік теңдік» 5-ші Тұрақты даму мақсаттарын басқа да бағдарламалық және стратегиялық құжаттарға интеграциялау қажет.

«Әйелдер мен балаларға қатысты зорлық- зомбылық – көп ғасырлық тарихы бар ғаламдық тауқымет. Кез-келген зорлықты әлемдегі миллиондаған әйелдер мен балалардың, жалпы, адамның өміріне, тәндік және жандық психологиялық саулығына қатер төндіретін адам құқығын бұзудың ең кеңінен таралған түріне еркін жатқызуға болады», – дейді Салтанат Тұрсынбекова, Қазақстан президентінің жанындағы әйелдер және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның мүшесі, құқық қорғаушы, қоғам қайраткері.

Оның айтуынша, бұл проблеманың өзектілігін халықаралық қоғамдастық жоғарғы деңгейде атап көрсетіп отыр:

  • 1993 жылы БҰҰ Бас ассамблеясы «Әйелдерге қатысты зорлық- зомбылықты жою туралы декларацияны» қабылдаған.
  • 1999 жылы БҰҰ Бас ассамблеясы 25 қарашаны әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықты жою үшін халықаралық күрес күні деп жариялады. Бұл күн Доминикан республикасының билеушісі Рафаэль Трухильоның бұйрығымен 1960 жылы зорлықпен өлтірілген саяси белсенді апалы-сіңлілі үш Мирабалдардың құрметіне қабылданған болатын.
  • 2014 жылдың 1 тамызында әйелдер мен қыздарға қатысты зорлық- зомбылықтың алдын алу және оны жою мәселелері бойынша Ыстанбұл конвенциясы қабылданды.

Өкінішке орай, қабылданып жатқан шараларға қарамастан, әйелдер мен балаларға зорлық көрсету әлі де кең таралған құбылыс болып отыр.

Қазақстан Республикасының 2030 жылға дейінгі отбасылық және гендерлік саясат концепциясында 2020 жылға дейін отбасылық-тұрмыстық салада әйелдер мен балаларға қатысты құқық бұзушылықтарды 20 пайызға азайту көзделген болатын.

Алайда, кейінгі 5 жылда елімізде отбасындағы қылмыстардың саны тұрақты түрде арта түсу оқиғалары байқалып отыр.

«Егер 2015 жылы денсаулыққа қасақана ауыр залал келтіру бойынша тіркелген оқиғалар 8,6% болса, 2019 жылы олардың саны 18,7% құрады. Отбасылық-тұрмыстық салада денсаулыққа қасақана орташа ауыр деңгейде залал келтіру оқиғалары 2015 жылы – 2 %, 2019 жылы – 11% болды. 2020 жылдың тек алғашқы 5 айында отбасылық-тұрмыстық құқық бұзушылықтардың саны 25%-ға өскен», – дейді Салтанат Тұрсынбекова.

Оның айтуынша, бұл проблеманың өзектілігін халықаралық қоғамдастық жоғарғы деңгейде атап көрсетіп отыр:

  • 1993 жылы БҰҰ Бас ассамблеясы «Әйелдерге қатысты зорлық- зомбылықты жою туралы декларацияны» қабылдаған.
  • 1999 жылы БҰҰ Бас ассамблеясы 25 қарашаны әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықты жою үшін халықаралық күрес күні деп жариялады. Бұл күн Доминикан республикасының билеушісі Рафаэль Трухильоның бұйрығымен 1960 жылы зорлықпен өлтірілген саяси белсенді апалы-сіңлілі үш Мирабалдардың құрметіне қабылданған болатын.
  • 2014 жылдың 1 тамызында әйелдер мен қыздарға қатысты зорлық- зомбылықтың алдын алу және оны жою мәселелері бойынша Ыстанбұл конвенциясы қабылданды.

Өкінішке орай, қабылданып жатқан шараларға қарамастан, әйелдер мен балаларға зорлық көрсету әлі де кең таралған құбылыс болып отыр.

Қазақстан Республикасының 2030 жылға дейінгі отбасылық және гендерлік саясат концепциясында 2020 жылға дейін отбасылық-тұрмыстық салада әйелдер мен балаларға қатысты құқық бұзушылықтарды 20 пайызға азайту көзделген болатын.

Алайда, кейінгі 5 жылда елімізде отбасындағы қылмыстардың саны тұрақты түрде арта түсу оқиғалары байқалып отыр.

«Егер 2015 жылы денсаулыққа қасақана ауыр залал келтіру бойынша тіркелген оқиғалар 8,6% болса, 2019 жылы олардың саны 18,7% құрады. Отбасылық-тұрмыстық салада денсаулыққа қасақана орташа ауыр деңгейде залал келтіру оқиғалары 2015 жылы – 2 %, 2019 жылы – 11% болды. 2020 жылдың тек алғашқы 5 айында отбасылық-тұрмыстық құқық бұзушылықтардың саны 25%-ға өскен», – дейді Салтанат Тұрсынбекова.

Талдау көрсетіп отырғандай, зорлық-зомбылықпен күрестің қазір қолданылып отырған құқықтық құралдары тиімсіз.

2009 жылы қабылданған «Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу туралы» заң ескірді және оның нормалары ахуалды түзетуге елеулі ықпал ете алмай отыр.

«Зорлық-зомбылықтың алдын алу бойынша заңда көрініс тапқан шаралар жүйелі әрі кешенді сипатта емес. Профилактикамен айналысатын субъектілердің заңда бекітілген құзыреттері қауіпсіздік пен құқық қорғау бойынша қоғамның нақты сұранысын толық жүзеге асыруға мүмкіндік бермей отыр. Әділет, мәдениет және спорт, дін және азаматтық қоғам, ақпарат және коммуникациялар, жастар саясаты саласындағы мемлекеттік органдар отбасындағы зорлық-зомбылықтың алдын алу іс-қызметіне жұмылдырылмаған», – дейді Салтанат Тұрсынбекова.

Қазақстанда татуласуға қатысты проблемалар бар. Құқық бұзушы жазадан құтылып кетеді және заңды қайта бұзуға барады. Істердің жартысынан астамы татуласумен аяқталады, демек, әрбір екінші бұзақы жазадан құтылды және әрбір төртіншісі оқиға қайталанғанда татуласқанын тағы да хабарлаған.

Отбасындағы сотқарларды іс жүзінде үйден ешкім қуып шығара алмайды, өйткені, заңда ол үшін басқа баспана болуы қажет деп көрсетілген. Бұл көбінесе ауыр зардаптарға алып келуде, әсіресе балалар жәбір шегіп отыр.

Бұл әрекет етуші құқықтық базаның азаматтарды, әсіресе, балаларды, әйелдерді, қарт адамдарды, мүмкіндігі шектеулі тұлғаларды толыққанды қорғауды қамтамасыз ете алмай отырғанын дәлелдейтін себептердің толық емес тізбесі.

Осындай проблемаларды ескере отырып, Парламент депутаттары бастама көтеріп, қазір жұмыс тобының шеңберінде 2 заң жобасы қарастырылып жатыр:

  • «Отбасылық-тұрмыстық зорлық- зомбылыққа қарсы күрес туралы» жаңа заң жобасы;
  • Қылмыстық кодекске, Қылмыстық-процессуалдық кодекске, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске және басқа да бірқатар заңдарға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасы.

Өкінішке орай, әрекет етуші қылмыстық және әкімшілік жауапкершілік түрлері зорлықшыларды жаңа қылмыс жасаудан тежемей, отбасылық сотқарларды түзетуге ықпал ете алмай отыр. Жаңа заңды қолданысқа енгізу жазаның мерзімі мен мөлшеріне тікелей әсер етпекші. Яғни, егер адам отбасында ауыр қылмысқа барса, бүгін ол 3-тен 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Ал жаңа заңмен жаза мерзімі 5 жылдан бастап 10 жылға дейін артқалы отыр.

Орташа ауыр дәрежедегі қылмыс жасалса, 3 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Бүгінгі күні жүйелі түрде соққыға жығу немесе азаптап жәбірлеу үшін 2 жылға дейін абақтыға жабу қарастырылған. Егер жаңа заң қабылданса, онда бұл мерзім бірден 7 жылға дейін өседі.

Жаңа заң жобасында қолданыстағы заңда жоқ мынадай жаңа нормалар ұсынылған:

  • Алғаш рет зардап шеккендердің құқықтары атап көрсетілді.
  • Тағы да алғаш рет отбасындағы зорлық-зомбылықтың құрбаны немесе куәгері болған жағдайда, балалардың құқықтарын қорғау нормалары енгізілді.
  • Отбасы мүшелерінің өмірі мен денсаулығына қатер төнген жағдайда полицияға отбасылық басқыншының жәбірленушілермен бір баспанада болуына бірден 10 күнге дейінгі мерзімге тыйым салу құқығы беріледі.
  • Алғаш рет отбасылық басқыншыны психологиялық түзету бағдарламасынан өтуге міндеттейтін норма енгізіледі.
  • Азаматтардың қоғамдық бақылауға атсалысу құқығы қарастырылған. Бұл аса маңызды.
  • Депутаттар еліміздегі отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қатысты ахуал туралы ұлттық баяндаманы жыл сайын президентке таныстырып отыруды ұсынып отыр.
  • Орталық органдардың құзыреттерінің аясы кеңейтіліп, нақтыланды.
  • Жергілікті атқарушы органдардың құзыреті аясына ауыр жағдайда қалған отбасылармен жеке жұмыс жүргізуге, тұрмыстық зорлық- зомбылыққа және әлеуметтік сәтсіздікке ұшырауға қатысты жағдайға жүйелі түрде мониторинг жүргізіп отыруға бағытталған стратегияны жүзеге асыру бойынша бірқатар міндеттер бекітіп беріледі.
  • Өңірлерде отбасы істері, балалар және жастар істері бойынша дербес басқармалар құру ұсынылып отыр.
  • Барлық өңірде отбасына қолдау көрсету қызметтерін құру ұсынылған, олар ауылдық жерлерде тұратын әйелдер үшін дағдарыста қалғанда орналасатын орындарды ұйымдастыра алар еді.
  • Азаматтардың өздері қатысатын арнаулы мобильді топтардың жұмыс істеу мүмкіндігіне қатысты норма талқыланып жатыр. Әйел немесе балаға қатысты зорлық- зомбылық немесе олардың ауыр жағдайда қалғаны туралы келіп түскен немесе анықталған деректер бойынша уәкілетті органдар оларды қорғауды қамтамасыз ету бойынша жедел шаралар қолдануға міндетті.

«Барлығымызға отбасының, әйелдер мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, олардың құқықтары мен мүмкіндіктерін арттыру, отбасы институтын нығайту бойынша көп іс тындыру қажет болып отыр. Қазақстандықтардың өміріне әсер етіп, әл-ауқатын жақсартуға оң ықпалын тигізетін ауқымды өзгерістер күтіп тұр», – дейді Салтанат Тұрсынбекова.

Тұрақты даму мақсаттарына келсек, қазіргі сәттегі тұжырым мынадай:

Не істелді?

  • Тұрақты даму мақсаттарының ұлттық архитектурасы құрылды.
  • Міндеттер мен индикаторларға басымдықтар берілді.
  • 80 құжатқа жылдам кешенді бағалау жүргізілді.
  • Тұрақты даму мақсаттары бойынша веб-сайт іске қосылды: www.sdgs.kz.
  • Қазақстанның бірінші Ерікті ұлттық шолуының тұсаукесері жасалды.

Алдағы уақытта не істеу керек?

  • Тұрақты даму мақсаттарының индикаторларының базалық және болжамдық мәндерін анықтау.
  • Өңірлерді Тұрақты даму мақсаттары бойынша Үйлестіру кеңесінің жұмысына белсенді түрде жұмылдыру.
  • Тұрақты даму мақсаттарын «ешкім бей-жай қалмауға тиіс» принципінің негізінде жергілікті жерге бейімдеу.
  • Тұрақты даму мақсаттарының жүзеге асырылуы бойынша Қазақстанның 17 өңірінде талдау жүргізу.
  • Тұрақты даму мақсаттарының жүзеге асырылуы шеңберінде ақпараттық таныстыру жұмыстарын ұйымдастыру.