Жердің бағасы арзандайды

931

Әлемнің ең бай адамы- Илон Маск, бар дүниесін сатып, Марстан қала тұрғызбақшы. SpaceX және Tesla компанияларының негізін қалаған Масктың қазіргі таңда мүлкі $199,9 млрдқа бағаланып отыр. Осыған дейін инженер ракета, күн батареясын, жүргізушісіз жүретін машина ойлап тапқан болатын. Енді 2050 жылы Марсқа 1 000 000 адамды қоныстандырмақшы.

Илон Масктың басты мақсаты «Қызыл планетаға ұшу қол жетімді болу керек. Кезкелген адам ақшасы жоқ болса да, несие алып ұшуына болады» және ол «Марста жұмыс көп болады»-деп уәде берді. Сонымен қатар инженер 10 жылда бірнеше рет қолдануға болатын 1000 ракета шығарамыз деп отыр, яғни 1 жылда кем дегенде 100 ракета шығарулары керек. Инженер Марсқа адамның аяғы 2024-2026 жылы басады және болашақ қаланың қандай болатынын, адамдар қалай өмір сүретінін айтып кетті.

« Қызыл планетаға адамдар біртіндеп бара бастайды. Бірінші барған адамдар болашақ тұрғындарға жағдай жасайды. Ал жылына 100 000 адам жерден Марсқа қоныс аудатаратын болады»-деді Илон Маск.

Тоғжан ӘБДЕШ,

Абылай хан атындағы ҚХҚ және ӘТУ студенті