Ж.ТҮЙМЕБАЕВ КЕНТАУДАҒЫ ШАРУА ҚОЖАЛЫҚ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

940
Бүгін Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев Кентау қаласының Шаға ауылында орналасқан «Мемлекет» шаруа қожалығының жұмысымен танысты.
2014 жылдан бері нарықта қызмет етіп келе жатқан қожалықта 900 бас мал басы бар. Негізінен, ірі қара малды бордақылаумен айналысатын шаруалар қосымша шұжық өнімдерін де өндіреді. Аймақ басшысына өнімнің негізгі тұтынушысы жергілікті халық екенін алға тартқан шаруа қожалығы төрағасының орынбасары Бақытжан Байжомартов мұндағы арнайы ашылған мал сою бекеттерінде күніне 15-20 басқа дейін сойылатынын айтты.
Бүгінге дейін барлық шығынды жеке өзі көтеріп, істі дөңгелетіп жатқан «Мемлекет» ШҚ басшылығы ірі қара малының жем-шөбін қамтамасыз ету жайын да шешіп қойған. Яғни, 150 гектар арнайы алқапқа жоңышқа, жүгері және бидай егіп, түліктерге жем дайындайтын цех ашқан. Онда тәулігіне 20-24 тонна жем дайындалады. Осынау жем-шөпке бордақыланған малдың салмағы 450-500 келіге дейін тартады екен.
Атқарылып жатқан жұмыстарға қаныққан облыс басшысы қожалық жетекшілеріне ет көлемін арттыруды тапсырды. Бұл ретте, шаруа қожалығының иегерлері аталған мақсатты орындау үшін банктен жеңілдетілген несие алу жайын қарастырып жатқанын жеткізіп, оны өткізуде әкімдік тарапынан қолдау көрсетуді сұрады.
Жалпы, Кентау  қаласы  бойынша  бүгінгі таңға  328 мал бордақылау алаңдары жұмыс жасауда.  Онда  4920 бас  ірі  қара мал бордақылануда.  Мал бордақылау алаңдарында  тұрғындарды  тұтынуы  үшін  1968  тонна  ет  өндірілді.
2018 жылы 485 тонна ірі қара еті «Қайып ата» шаруа қожалығы арқылы экспортқа шығарылды.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі