Жұлдыз Өмірғалидің Айқынды дуалап, басын айналдырып алғаны рас па?

1417
Екінші рет отбасын құрғалы басы даудан арылмаған Айқын көпшіліктің көкейіндегі сұраққа жауап берді. Ол Жұлдыз өзін дуалап, басын айналдырып алды деген қауесеттің нүктесін қойды.
Бұл туралы 7-арнаның «Гу-гу-лет» бағдарламасына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.
Айқын дуа, қара магия деген дүниеге мүлде сенбейді. Оның пікірінше, әйел адамның еркектің басын айналдырып алуы — құлаққа кірмейтін әңгіме.
«Басы айналып қалатын жігіт емеспін, тым пысықпын. Ондайға мүлдем сенбеймін мен. Жігіт қыздың басын айналдырып алуы мүмкін. Себебі қыздар құлақпен жақсы көреді ғой», — дейді Айқын.
Ал Жұлдыз өзін айыптайтын жандардың көп екенін растап отыр. Сондықтан да біреудің алдында ақталмаймын, дейді ол.
«Иә, маған көп айтады, сен бүйткенсің, сүйткенсің деп. Бірақ бір Алла білді ғой, ондай затқа бармайтынымды, ондайды ешқашан біреуге жасамайтынымды. Олай айтатын адамдарға түсіндіріп, шашымды ағартқым келмейді», — деп ақталды Жұлдыз.