Зүлфия Ғабидуллина туралы деректі фильм халықаралық фестивальде жеңіске жетті

890
Паралимпиада чемпионы Зүлфия Ғабидуллина туралы деректі фильм халықаралық спорттық кинофестивальде 1-орынға ие болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Ресейде өткен «Атлант» ХІІІ халықаралық спорттық кинофестивалінің «Спорт және қоғам» номинациясы бойынша «QAZSPORT» телеарнасының «История маленькой русалки» (Кішкене су перісінің тарихы) атты Зүлфия Ғабидуллина туралы деректі фильм 1-орынға ие болды», -деп жазылған Ұлттық паралимпиада комитетінің Фейсбук парақшасында.
Фильмде мықты ерік-жігер, спортпен айналысуға деген құштарлық және жеңіске жету жолы баяндалады. Айта кетсек, Зүлфия Ғабидуллина Қазақстанның паралимпиада тарихында алтын медальға ие болған алғашқы спортшы. Ол 2016 жылы Риода өткен паралимпиада ойындарында 100 метрлік қашықтыққа еркін әдіспен жүзуде мәреге бірінші болып жетті.
Фото: istory.kz