ДИКИЙ АРМАН: НАМЫС ПЕН АБЫРОЙ ҮШІН ӨЛУГЕ ДЕ, ӨЛТІРУГЕ ДЕ ДАЙЫНМЫН

1492

 «Дикий» лақап атымен танымал қылмыс әлемінің серкесі Арман Жұмагелдиев әлеуметтік желіге жаңа жазба қалдырды.

«Ренжіп жүргендерге айтарым: Адам іс-әрекетімен, құс ұшқанымен бағаланады. Әркімнің өз шындығы бар. Бірақ, ақиқат – жалғыз.

Клавиватура артындағы қорқақ өсекші емес, айтқан сөзінде тұра алатын еркек бол. Айтарыңыз болса, бетіне айт.

Намысым пен абыройым үшін менің өлуге де, өлтіруге де дайын екенімді ұмытпа.

Алла бізді қорқақтық пен екіжүзділіктен сақтасын, ақиқат күшейсін»,- деп жазды Арман Жұмагелдиев желідегі парақшасына.