«Ерке Есмахан қайтыс болды»: өнер иесі өзінің өлімі туралы ақпарат таратқандарға жауап берді

1803

Ғаламторда әнші Ерке Есмаханның қайтыс болғаны туралы ақпарат тарап кетті.

Әлдекімдер өнер иесіне қатысты қаралы хабарды жария етіп, қалың көпшілікті дүрліктірген. Алайда, эстрада жұлдызы бірден желіде байланысқа шығып, ақпараттың жалған екенін айтты. Ол бұл жайтқа шүйлігіп, өзінің өлімі жайлы хабарлама таратқандарға жауап берді деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Орын алған жағдайға байланысты ашуға булыққан Ерке Есмахан Instagram парақшасында азулы жазба жариялады. Өнер иесі онда өзінің өліміне қатысты жаңалықты жоққа шығарып, қаралы хабарды таратқандар жайлы өз ойын айтты.

«Бүгін менің анамды, бауырларымды, жақындарымды, достарымды, тыңдармандарымды қорқытып осындай жалған жаңалық таратқан адамдарды бір Аллаға тапсырдым! Маған соңғы кездері айтылып жатқан сөз көп, менің көңілімді түсіру үшін, жеке өміріме араласу үшін ойына келгендерін істеп жатқандарда көп! Енді бәрін қойып осындай қарғысқа көштіңіздер ме? Айтарға сөзім жоқ! Фанат болумен адам болуды шатастырыпсыздар! Мен бәрібір ешкімге жамандық тілеп өзімнің таза, пәк жүрегімді ластамаймын! Бәріңізге тек жақсылық тіледім! Аман болыңыздар» , — деп жазды Ерке Есмахан. Желі қолданушылары жағымсыз жағдайға тап болған эстрада жұлдызына барынша қолдау білдіріп, оның қайтыс болғанын жария еткендерді сөгіп тастады.