ШЫМКЕНТТЕ СПОРТПЕН ЖҮЙЕЛІ ТҮРДЕ ШҰҒЫЛДАНАТЫН АЗАМАТТАРДЫҢ ҮЛЕСІ 31,2 %-ДЫ ҚҰРАДЫ

930
Шымкент қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы 2021 жылы 6 айда атқарылған жұмыстарды қорытындылады.
Басқарма басшысының айтуынша, қалада жыл басынан бері дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде шұғылданатын азаматтар саны 340 305 адам немесе қала тұрғындарының жалпы санынан 31,2 %-ын құрады. 2021 жылға жоспар 31 % болса, бұл көрсеткіш орындалды.
Атап айтқанда, жалпы білім беру мекемелерінде — 208 457 адам, орта арнайы оқу орындарында — 12 095, жоғары оқу орындарында — 12 817, спорт мекемелерінде -18 578, фитнес клубтарда — 17 513, спорт федерацияларында — 6895 және басқа да мекемелер мен ұйымдарда 63 950 адам жүйелі спортпен шұғылданады.