ШАЛҒАЙ ЕЛДІ-МЕКЕНДЕРДЕ ОРНАЛАСҚАН ЖАСТАРҒА АҚПАРАТТЫҚ ТҮСІНДІРМЕ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

1015

ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Шымкент қаласы Ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің жанынан құрылған «Мобильді тобы» мемлекеттік бағдарламалар бойынша ақпараттық түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Ақпараттандыру жұмыстары Абай ауданына қарасты Қазығұрт шалғай елді- мекенінде өтті.
Ақпараттық түсіндірме жұмыстарының мақсаты «Жастардан жастарға — ақпараттық керуен» жобасы аясында шалғай елді- мекендерде орналасқан жастарға орталықтың жұмыстары мен түрлі мемлекеттік бағдарламалар бойынша ақпараттар бере отырып, оларға бағыт-бағдар көрсету.
Кездесуде барлық санитарлық — эпидемиологиялық талаптар сақталып, барша кездесуге қатысушылар Ashyq қосымшасы арқылы кіргізілді.