«ECO SANA» СЕНБІЛІК ҚОЗҒАЛЫСЫ ӨТТІ

995
Бүгін Шымкент қаласы «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен кезекті «ECO SANA» қозғалысы аясында сенбілік өтті.
Маятас тұрғын алабында өткен сенбілікте жоғары және орта арнаулы оқу орындарының белсенді жастары Бадам су қоймасының айналасын қоқыстан тазалады. Қоқыстар аудандағы коммуналды қызметтің техникасымен арнайы полигонға тасымалданды. Алайда сенбілікке 18 команда қатысып, нәтижесінде 2 тонна 643,5 кг қоқыс шығарылды.
Айта кету керек Абай ауданы «Ынтымақ» мөлтек ауданында өткен биылғы сенбіліктің ашылуына Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан қатысып, сенбілік барысында «Eco sana» жобасына қатысуға қала белсенділері, волонтерлік ұйымдар мен жоғары және орта арнаулы оқу орындарынан 17 команда қатысып, 1 тонна 500 келіге жуық қоқыс шығарылған болатын. Ал Әл-Фараби ауданы Сәуле мөлтек ауданында өткен сенбілікке 18 команда келіп, 180 ге жуық жас қатысып, 2 тонна 269 келіге жуық қоқыс шығарылған. Қаратау ауданы, Таскен елді-мекенінде өткен сенбілікке 18 команда қатысып, 7 тонна 475,5 кг қоқыс шығарылған болатын.
Сенбілік қозғалысында барлық жұмыстар санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып жасалынды.