КӨШЕЛЕРДІҢ ТАЗАЛЫҒЫ ТҰРАҚТЫ БАҚЫЛАУҒА АЛЫНҒАН

1024

Шымкент қаласының Әл-Фараби ауданының тазалығы тұрақты бақылауға алынып, ирригациялық арықтар қоқыстан күнделікті тазартылуда, деп хабарлайды қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған ardak.kz ақпараттық агенттігі.

Әл-Фараби ауданы

Әл-Фараби ауданы аумағындағы басты 102 көшеге 906 қоқыс жәшіктері орнатылған. Осы орталық көшелердегі 213 аялдама мен 425 қоқыс жәшіктерін күніне 2 рет (таңертең- кешке) жинауға «Build stroi» мердігер мекемесі тарапынан 10 техника мен 180 коммуналдық қызметші жұмылдырылған.

Аудан орталығындағы халық көп шоғырланған 87 аялдама мен 172 қоқыс жәшіктерін күніне 3 рет (таңертең, түсте, кешке) тазарту үшін мердігер мекеменің қосымша мобильдік 4 техника мен 30 қызметшісі жұмыс істейді.

Осы бағыттағы тазалық жұмыстар күнделікті кесте бойынша жүзеге асып отыр. Атқарылған жұмыстың сапасын аудан әкімдігі тарапынан тұрақты бақылауға алынған.

Қала тұрғындарынан қоршаған ортаны таза ұстауға, қоқыс тұрмыстық қалдықтарды шығару үшін арнайы қоқыс жәшіктерін пайдалануға шақырамыз.

Әл-Фараби ауданы аумағында ирригация жүйесінің жалпы ұзындығы 103 шақырымды құрайды. Басты көшелердің бойындағы ирригациялық арықтар мен жол жиектерін тазалау жұмыстарына «Build stroi» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі тарапынан 10 арнайы техника мен 180 адам жұмылдырылған. Аталған жұмыстар күнделікті кестеге сәйкес жүргізіліп, аудан әкімдігінің ұдайы назарында.

Қала тазалығы – бәріміз үшін жауапты міндет. Қала тұрғындарын қызметкерлердің еңбегін бағалауға, қоршаған ортаны таза ұстауға шақырамыз.

Айта кетейік, Әл-Фараби ауданы Шымкенттің халқы ең тығыз орналасқан тарихи орталық ауданы саналады. Мұнда қаланың маңызды білім, әкімшілік, тарихи, мәдени және ойын-сауық орталықтары орналасқан.

Әл-Фараби ауданында Шымкенттің ірі магистралдары қиылысады. Шығыстан батысқа қарай Тәуке хан даңғылы, Түркістан көшесі, Ғ.Ильяев, Т.Рысқұлов көшелері, оңтүстіктен солтүстікке қарай Д.Қонаев даңғылы, А.Байтұрсынов, Қазыбек би, көшелері көсіліп жатыр.