МИРАСТА КӘРІЗ ЖҮЙЕСІН ТАРТУ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖҮРІП ЖАТЫР

832

Мирас шағынауданында 980 үй қоныстанған. Қазір онда 1 мектеп пен 6 балабақша орналасқан. Шағынаудан электр жарығы, ауыз су және табиғи газбен 100 пайыз қамтылған.

Түтйкілді түйін – кәріз жүйесі. Қазіргі сәтте кәріз жүйесін тарту құрылысы жүргізілуде.

Жобаға сәйкес, ұзындығы 50,4 шақырым кәріз жүйесі салынып, ары қарай Шапағат-2 шағынауданына ұзартылады.

Бүгінде құрылыстың 38 пайызы орындалған. Қолданысқа беру мерзімі осы жылдың қарашасына жоспарланып отыр.

Құрылысын жүргізіп отырған «Ынтымақ Бес Арыс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі. Оның техникалық қадағалаушысы «Тұран құрылыс» мекемесі.

Айта кетсек, биыл қалада 14 нысанның құрылысы жүріп жатыр. Жыл қорытындысымен 2 магистралды кәріз коллекторы, 1 кәріз сорғы станциясы (КНС) және 6 нысанның құрылысы аяқталып, 65 мың адам кәріз жүйесіне қосылады. Нәтижесінде қамтылу көрсеткіші 54%-дан, 60%-ға өседі

Соңғы жылдары Шымкент қаласындағы шағынаудандар мәселесі шешімін тауып келеді. Шырайлы шаһардағы өзекті де өткір мәселелердің дені шешімін тапқан. Десе де шалғайдағы ауылдардың инфрақұрылымында әлі де түйткілдер бар. Қала әкімі Мұрат Әйтенов тұрғындармен өтетін есепті кездесуде әрбір азаматтың арыз-өтінішін тыңдап, тиісті сала басшыларына тапсырмалар беріп келеді. Мәселен, күні бүгінге дейін Еңбекші ауданына қарасты 8 мың тұрғыны бар Мирас шағынауданы ауыз су, электр жарығы, табиғи газ және сапалы интернетпен қамтылды.

Ал, шағынаудандағы жол мәселесіне келсек, 39 көшенің 16-сы асфальтталған, қалғанына шағал тас төселген. 2024 жылы – Шапағат, Гүлстан, Жаужұмыр, Жаушықұм, Жетітөбе, Алтынтау, Өтеген, Тұлпар, Желдіқара, Алтынайдар, Барсығанкөл көшелеріне, 2025 жылы – Дарын, Азаттық, Өркен, Әлем, Көкбұлақ, Маятас, Ескіөзен, Бүркіт, Алтын су, Қасқасу, Шоқтал, Өтегенбұлақ көшелеріне асфальт төселеді.
Екі көше жарықтандырылған. 2023-2025 жылдары 6 көшеге жарықшамдар қойыламақ. Олардың қатарында Жаңа жол, Дербес, Қасқасу, Азаттық, Өркен, Мәртөбе көшелері бар. Аталған мәселелер шешімін тапса, шағынаудандағы тұрғындарды мазалаған маңызды мәселелер толығымен шешілмек.