Елімізде жаңа ипотекалық бағдарламаның шарттары жарияланды

1222

Елімізде жақында іске қосылуы мүмкін жаңа ипотекалық бағдарламаның шарттары ұсынылды, деп хабарлайды Экспресс К.

Индустрия және инфроқұрылымдық даму министрлігі бағдарлама ережелерін ашық талқылауға шығарды.

Ұсынылып отырған ипотекалық бағдарламаның жылдық мөлшерлемесі 11,5 пайыз көлемінде бекітілмек. Аталған бағдарлама арқылы баспана алатын азамат 20 пайыз алғашқы жарна төлеуі тиіс.

Астана және Алматы қалаларында тұрғын үй сатып алу кезінде субсидиялауға жататын ипотекалық тұрғын үй қарызының ең жоғары сомасы — 35 миллион теңгеге дейін бекітіледі,

— делінген бұйрықта.

Ал Ақтау, Атырау және Шымкент қалаларында — 25 миллион, Қарағанды қаласында — 20 миллион және басқа өңірлерде -15 миллион теңгеге дейін қаражат ұсынылады.

Қаржы орталық мемлекеттік органдарда тіркелген, лицензиясы бар екінші деңгейлі банктер арқылы беріледі. Ипотеканың ең ұзақ мерзімі — 10 жыл.