ҚАЛА ӘКІМІ АГРС-3 НЫСАНЫНЫҢ ЖҰМЫСЫН ТЕКСЕРДІ

871
Шымкент қаласы үшін стратегиялық маңызы зор нысанның бірі – АГРС-3 (Автоматтандырылған газ тарату станциясы). Бүгін шаһар басшысы аталған станцияның қыс мезгіліндегі қуаттылық режимін тексерді.
АГРС-3 сағатына 250 мың текше метр көгілдір отын таратуға қауқарлы. Яғни, №3 автоматтандырылған газ тарату нысаны қаланың барлық көгілдір отынға деген сұранысын жауып отыр. Оның ішінде әлеуметтік, кәсіпкерлік және өндірістік мекемелер де сапалы және үздіксіз табиғи газбен қамтылған.
Газ тарату станциясын аралау барысында қала басшысы бұл нысанның стратегиялық маңыздылығына қайта тоқталып, басқарма мен мекеме басшыларына сапалы сервис пен қауіпсіздікті сақтауда ұқыптылықтың маңыздылығын айтып өтті.
Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі