Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков Абай ауданына қарасты Бозарық шағынауданындағы жаңа нысандардың құрылыс қарқыны бойынша көшпелі жиын өткізді.
Аталған ауданда 74 гектар аумақта құрылыс жүргізіліп жатыр. Мұнда қалалық егжей-тегжей жоспарлау бойынша жалпы 183 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы жоспарланған. Қазіргі таңда 170,7 мың шаршы метрді құрайтын 2 198 пәтерлі 54 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде.
Сонымен қатар, «Жайлы мектеп» бағдарламасы аясында 2 000 орынға арналған мектептің құрылысы қолға алынған.
Жиын барысында қала әкімі мердігер мекеме басшыларына құрылысты бекітілген мерзімде аяқтап, сапалы болуын қамтамасыз етуді тапсырды.
Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі