ҚОҒАМДЫҚ Wi-Fi: ТЕГІН ИНТЕРНЕТ ҚОЛЖЕТІМДІЛІГІ КЕҢЕЮДЕ

204

Шымкент қаласы тұрғындары мен қонақтарының жайлы демалысы мен цифрлық мүмкіндіктерге қолжетімділігін арттыру мақсатында алғаш рест 2023 жылы 20 қоғамдық орынға 55 Wi-Fi құрылғысы орнатылған болатын.
2024 жылы бұл бастама жалғасын тауып, қосымша 5 қоғамдық орынға 15 Wi-Fi құрылғысы қосылды. Нәтижесінде, бүгінде қала бойынша жалпы саны 70 тегін Wi-Fi құрылғысы іске қосылып, 25 қоғамдық орын интернет желісімен қамтылды.
Wi-Fi орнатылған қоғамдық орындар:
Парк Асар, Бәйдібек би, Қазына саябағы, Наурыз алаңы, Дендро саябағы, Нұрсәт аллеясы, Назарбеков көшесіндегі гүлзар, Әкімдік алаңы, №130 мектеп аллеясы, Аэропорт, Байтұрсынов көшесіндегі гүлзар, Балалар теміржол саябағы, Жастар аллеясы, 8-мөлтек аудан гүлзары, Тюльпан фонтаны маңы, Арбат саябағы, Бекет батыр гүлзары, Орталық саябақ, Шәмші аллеясы, Теміржол вокзалы, Абай саябағы, Тәуелсіздік саябағы, Жеңіс саябағы, Металлург саябағы және Қошқар ата аумағы.
Бұл бастама цифрлық теңдікті арттырып, заманауи әрі ыңғайлы қалалық ортаны дамытуға бағытталған.