ҚР Премьер- министрінің назарына!
ҚР Үкіметі өткен жыл соңында халықтың әл-ауқатын жақсарту және қымбатшылыққа қарсы іс шара белгілеген, яғни ҚР Сауда және интеграция министрлігінің 2025 жылғы 25 желтоқсанда шығарылған №362-нқ Бұйрығында, әлеуметтік маңызы бар азық түлік тауарларының тізбесін 31 -ге кқбейту туралы шешім қабылданғанын оқып білдім.(Көшірмесі тіркеледі) Артынша дүкен сөрелерінде сатылымға шығарылатын әлеуметтік маңызы бар азық түлік тауарларының (бұдан кейін ӘМАТ) тізбесін 19 дан 31 түрге ұлғайту туралы ақпарат таратылған болатын
Бірақ 2026 жылдың басынан бері Шымкент қаласындағы Нұрсәт шағын ауданындағы «Грамад», «Магнум» сияқты ірі супер маркерттер мен ет сататын «Қажет» дүкендерін аралап жүріп Үкімет хабарлаған 31 түрлі ӘМАТ-тың бұрынғыша 19 түрі ғана сатылып жатқанын байқадым. Бір топ қоғам белсенділері бұл бұйрық Шымкент қаласының дүкен сөрелерінде орындалмай отырғанын көріп таңданысымызды жасыра алмадық. Осы мәселені 2026 жылдың ақпан айында өткен Қаратау ауданы әкімінің есеп беру жиналысында аудан әкіміне сұрақ ретінде қойдым. Мен бірнеше сұрақ қойғандықтан аудан әкімі осы сұрақты жауапсыз қалдырды, кәсіпкерлік бөлім басшысы да бұл сұраққа жауап бере алмады.
Тамыз айында жоғарыда аталған» «Грамад» супермаркеттер мен дүкендерді тағыда аралап көрсем, тауарлар сол баяғыша үкімет белгілеген ӘМАТ –тің тізбесі 19 дан аспай отырғанын көріп кімге сенерімді білмей қалдым. Кей дүкендерде ӘМАТ бағалар жазылған банерлер алынып тасталған екен. Мен Нұрсәт шағын ауданындағы «Грамад»супермаркетіндегі банерді қайта-қайта қайта тиістіорындарға айтып жүріп қойғыздым. Бірақ мұндада азық-түлік тауарларының тізбесі 31-ге жетпей 19 күйінше қалыпты. Министрліктің бұрыңындағы тізбеде халыққа ең қажетті бағалары қол жетімді тартылған ет(фарш), қой еті, оның ішінде сүйексіз, сүйексіз сиыр еті, жылқы еті, оның ішінде сүйексіз, жаңа ауланған, салқындатылған және мұздатылған балық (табан,мөңке, көксерке, тұқы, сазан), тауық(ұшасы),қаймақ(лактозасызды қоспағанда) майлылығы 40-50 пайыз қатты, жартылай қатты ірімшік және дәмдік қоспаларсы қара шай сияқты 12 азық түлік тауарлары қосымша енгізілгеніне қарамастан Шымкент қаласының супермаркеттері мен дүкендерінде бұл тауарлар министрліктің бұйрығына сәйкес толық сатылымға шығарылмай отырғанын байқадым.
Осыдан екі ай шамасы бұрын 8 қыркүйекте Шымқаладағы азық түлік қауыпсіздігін қамтамасыз ету міндеттелген «Шымкент қаласы ауыл шаруашылығы және ветеринария» басқармасының басшысы Т.Т. Мекамбаевқа ақпарат алу мақсатында сұрау хат жолдап, тұрақтандыру қоры қаржыландыратын супермаркеттер немесе шағын дүкендерде сатылымға шығарылатын тізбедегі 31 ӘМАТ тауарға әлі күнге толықтырылмағанын, ҚР Сауда және интеграция министрлігінің 2025 жылғы 25 желтоқсандағы №362-нқ бұйрығы неге орындалмай отырғанын сұрадым. 2026 ж. 14 қыркүйекте басқарма басшысының орынбасары Қ.Базарбековтың жолдаған жауабында осы салада жұмыс жүргізіліп жатыр деген сырғытпа жауап берілген. Арада бірнеше күннен соң басқарма басшысының орынбасары Қ.Базарбековтің кеңсесінде онымен жолығып, мәселені түсіндіріп беруді сүрадым. Бірақ ол мәселенің түп төркінін ашып айтпады. ӘМАТ 31 түрімен қамтамасыз ету үшін шаруа қожалықтар-кәсіпкерлермен келісімшарттарды Шымкент әлеуметтік кәсіпкерлік копорациясы АҚ жасайды, толық ақпаратты сол жерден аласыз деп шығарып салды.
Содан кейін мен «Шымкент» Әлеуметтік Кәсіпкерлік корпорациясы АҚ-ына жолдаған «супермаркеттерде ӘМАТ тізбесіндегі 19 тауарға жасалған келісім шарттардың мерзімдері туралы» сұрау хатымызға корпорацияның басқарма төрағасының орынбасары Қанат Абубакировтың заңмен қорғалатын құпия деп сырғытпа жауап бергені таң қалдырады.Төрағаның орынбасары Қ. Абубакировпен кабинетінде сөйлескенімізде, ӘМАТ тізбесіндегі 31тауарды жеткізуші шаруа қожалықтары мен ірі кәсіпкерлер Шымкент қаласы ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасының комиссиясында қаралып, бекітілген соң корпорация аталған шаруа қожалықтары мен ірі кәсіпкерлік субектілермен 2 жылға келісім шарт жасалады содан кейін оларға жылдық пайызы 0,1 тұрақтандыру қорының қаржылары аударылады.Оның айтуынша ӘМАТ тұрақтандыру қоры үшін 2025-2027 жылдарға 10,5 млрд. теңге қаржы қарастырылған. Оның қаншасы берілді қаншасы қайтарылғаны туралы сұраққа жауап берілмеді. Қ.Абубакировтан «Грамад» супермаркетінің 2 жылдық келісімшартты 2026 жылғы қараша айында бітетінін біле тұра ӘМАТ 31 түрімен қамтамасыз ету үшін қосымша келісім шарт жасауға (ҚР Сауда және интеграция министрлігінің қосымша бұйрығы шығарылған) болмас па еді деген сұрағымыз жауапсыз қалды.
Расында, ҚР Сауда және интеграция министрлігінің ӘМАТ тізбесіндегі 19 тауарға туралы 2023 жылғы11 мамырда шығарылған №166-НҚ Бұйрығы осы министрліктің 2026 жылғы 05 ақпандағы№79 бұйрығымен күшін жойғанымен, «Шымкент қаласы ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасы мен мемлекеттік пакет акциясы бар «Шымкент» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы АҚ-ы базарларда қой мен сиыр,жылқы еттерінің бағалары өткен жылдан бастап қымбаттап кеткендігіне қарамастан ҚР Сауда және интеграция министрлігінің 2025 жылғы 25 желтоқсандағы №362-нқ Бұйрығымен бекітілген ӘМАТ 31 түрін толықтай халыққа қол жетімді етуде шабандық танытып отыр деп айтуға болады. Яғни 2026 жылғы ақпан айынан қараша айына дейін 8 ай уақыт өткеніне қарамастан ҚР Сауда және интеграция министрлігінің №362-нқ бұйрығы толығымен орындалмай , бұйрықпен бекітілген ӘМАТ 31 түрдің Шымкент қаласындағы супер маркеттерде қазіргі таңда 24 түрімен ғана сауда жасалуда. Айтпақшы, «Шымкент қаласы ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасы» басшысының орынбасары Қ.Базарбеков менімен кабинетте сөйлескенде қаладағы супермаркеттерде ӘМАТ тізбесін 31 тауарға жеткізу міндетті емеспіз деп айтып қалды.Ал Министрліктің бұйрығы нормативтік-құқықтық акт болған соң неге басқарманың міндетіне кірмейді екен және басқарманың Ережесінде азық түлік қауыпсіздігін қамтамасыз ету бойынша іс шараларды іске асыру жатады дегенді оқығаным бар.
Алайда, бір топ қоғам белсенділері министрліктің бұл бұйрығы Шымкент қаласының орындалмай отырғанына таңданып отырмыз. Мәселен,жоғарыда аталған дүкен сөрелерінде бұйрық тізбесіндегі )№16 сүйексіз сиыр еті, №18 қой еті, оның ішінде сүйексіз, №19 жылқы еті оның ішінде сүйексіз,№20 жаңа ауланған, салқындатылған және мұздатылған балық (табан,мөңке, көксерке, тұқы, сазан 2026 жылдың қараша айы келіп қалсада дүкен сөрелеріне шығарылмаған, ал «Шымкент» әлеуметтік Кәсіпкерлік корпорациясы АҚ-ы сайтындағы ақпаратқа сенсек 2026 жылдың 4- тоқсаны бағалары қараша айы басындадағы енгізілгендіктен ӘМАТ тізбесі 31 тауарға толық жеткізілмей супермаркеттер немесе шағын дүкендерде сатылымға шығарылмай отыр. Сонымен қатар, журналистік зерттеу барысында ӘМАТ тізбесіндегі азық-түлік сататын дүкендерде бірнеше талаптардың қатаң сақталмайтынын байқадым. Мәселен, Нұрсәт шағын ауданындағы « Qаjet» ет дүкеніне 2 рет сағ күндізгі 11-00 де және басқа күні сағ 14-00-де кіргенімде әлеуметтік еттің бағалары қойылмаған, менің ескертуімнен соң ғана еттің бағасы қойылды. Ал студенттер қалашығындағы «Керемет»сауда үйінде орналасқан «Магнум» супермаркетінде ӘМАТ тізбесі жазылған банер тіпті ілінбейді екен. Сатып алушы қайсы тауар тұрақтандыру қорынан жеткізілгенін іштей топшылап отырады. «Шымкент» Әлеуметтік Кәсіпкерлік корпорациясы АҚ-ы келісімшартында неге мұндай жеңілдік жасалғаны бір құдайға аян. Сондай-ақ, осында тұрақтандыру қорынан бөлінген қаржыға сатылып жатқан айран мен сүттің бағалары кішігірім дүкендерден анағұрлым қымбат екенін көзіміз шалды. Осы деректерден соң мемлекеттік мекемелер мен «Шымкент» Әлеуметтік Кәсіпкерлік корпорациясы АҚ-ы тарапынан бақылау жасайтын мониторинг тобының жұмысын сын көтермейді деуге болады.
Осы екі мемлекеттік мекеменің кураторы Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары А.М. Каримовпен ӘМАТ тізбесін бойынша жиналған сұрақтар бойынша тілдесу үшін жеке қабылдауына 2026 ж. 23 қазанда жазылғаныммен жуық арада қабылдау жасамайды ма деген күдігім бар.
Менің ше Шымкент қаласының әкімдігіне бағынышты аталған 2 мекеме 2026 жылдың соңына таман ӘМАТ тізбесін 31 тауарға жеткізгенін, қағаз жүзінде ғана орындағанын мақтанышпен есеп берема деген ойдамын.
Базарға барсаң қымбатшылық алдыңнан шыға келетіні рас. 5000-10 000 теңгеге 5-6 күнге жететін азық түлік аласың.Әсіресе жаз бойы осы ақшаға 2-3 кила сиыр еті немесе қой етін сатып аласың. Еттің бағасы шарықтап кеткенін халықтың бәрі біледі. ҚР Үкіметі әлеуметтік маңызы бар азық -түлік бағаларын тұрақтандыру мақсатында іс-шаралар белгілегенімен жергілікті билік соны орындамай отырғанын қара халық білмей отыр.
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңестің Төрағасы Қ.К.Қадырбековке ҚР Сауда және интеграция министрлігінің 2025 жылғы 25 желтоқсандағы №362-нқ Бұйрығын кешеуілдетіп толық орындамай, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының 31 түрін супермаркеттер мен ет дүкендерінде қала халқына қолжетімді бағада сатылуын толық қамтамасыз ете алмай отырған «Шымкент қаласы ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасы»коммуналдық мемлекеттік мекемесі мен мемлекеттік пакет акциясы бар «Шымкент» Әлеуметтік Кәсіпкерлік корпорациясы АҚ-ы жұмысына тексеріп, жауапты басшы лауазымды басшыларды тәртіптік жауапкершілікке тартуды сұрадым.
УБАЙДУЛЛА Әшір
зейнеткер,
ҚР Журналистер Одағының мүшесі














