Түймебаев «ТҮРКІСТАН» атты шоколад шығаруды ұсынды

1612
Бүгін Түркістан облысы Төлеби ауданындағы «Балмұздақ» ЖШС-нің глазурь және шоколад шығаратын цехтың жұмысы іске қосылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.
Цехтың ашылу салтанатына қатыстқан облыс әкімі Жансейіт Түймебаев жаңадан шығатын «Perfetto» шоколадының атауын «Түркістан» деп атауды немесе осынау брендті атауман жаңа шоколад шығаруды ұсынды. «Бізге өзіміздің брендті дамыту керек. Түркіменстан шығарып жатыр ғой… Бұл Түркістанның бренді болады. Енді Түркістанға келетін туристер саны артады. Өткен жылы миллион турист келген болса, енді 2 млн, содан соң 3, 5 миллион турист келеді», — облыс әкімі «Балмұздақ» ЖШС-нің директоры Кан Евгений Юрьевичке.

Айта кетейік, «Балмұздақ» ЖШС-і 2017 жылы 2,5 млрд теңгеге 3,2 мың тонна балмұздақ өндірген. 2018 жылы Өзбекстан еліне 6,1 млн. Теңгеге 8,7 мың кг балмұздақ экспорттаған. Кәсіпорын бүгінгі таңда балмұздақтың 80-нен астам түрін шығарады. «Балмұздақ» ЖШС-нің өнімдері Тек Түркістан облысы мен Шымкент қаласында ғана емес, Қазақстанның солтүстігі, Алматы мен Астана, Ақтау, Тараз қалаларында да үлкен сұранысқа ие болып отыр.