Қазақстандық ару Сингапурдегі сұлулық байқауында жеңіске жетті – фото

1921
Бас жүлдеден бөлек, қазақстандық қыз Miss Face of Ambassador Heritage 2019 атағын иеленді.
Қазақстандық 17 жастағы Гүлбану Мадиярова Сингапурда өткен Miss Heritage International 2019 халықаралық сұлулық байқауында жеңімпаз атанды, — деп жазады Tengrinews.kz. 

Байқауда қыз бала Орталық Азия намысын қорғады. Осы жеңістің арқасында Гүлбану Шығыс Азиядағы қайырымдылық жобаларына қатысуға мүмкіндік алады, сондай-ақ ол әр түрлі мемлекеттерде өткен халықаралық байқаулардың марапаттау рәсіміне қатысады.

Бас жүлдеден бөлек, қазақстандық қыз Miss Face of Ambassador Heritage 2019 атағын иеленді. Жарыстың бірінші күні алматылық колледждің студенті Miss Ethnic Heritage 2019 атағына лайықты болды. Гүлбану Мадиярова Алматыдағы «Қайнар» колледжінде экономист мамандығы бойынша білім алып жатыр. Сұлулық байқауларында ол 2016 жылдан бері өнер көрсетіп келеді. Ол Моңғолияда өткен Face of Beauty International 2016 байқауында Қазақстан атынан шықты. Финалда үздіктер қатарында тағы бір қазақстандық қыз болды — 18 жастағы Балнұр Әлімқалиева. Байқауда ол Қазақстанның атынан өнер көрсетті. Балнұр Miss Personality Heritage International 2019 номинациясы бойынша жеңімпаз атанды. Сондай-ақ, ол байқау барысында Best Body номинациясы бойынша жеңімпаз атанды.

Ол Алматыдағы Чайковский атындағы колледжде үшінші курста оқиды. Актерлік шеберлік, ән салу, фортепианода және гитарада ойнайды.

Айта кету керек, екінші орында Филиппин өкілі, ал үшінші орынды Кения сұлуы жеңіп алды.