«Голос. Дети»: Сарапшылар дауысты еселеуге қанша ақша кеткенін есептеп көрді

1390
Group IB сарапшылары «Голос. Дети» жобасының финалында Алсудың қызының нәтижелерін еселеуге қанша қаржы жұмсалғанын болжады. Бұл туралы РИА Новостиге сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
Тергеу жүргізген мамандардың пікірінше, дауысты автоматты түрде еселеу үшін тапсырыс беруші 2-3 миллион рубль (12-18 млн теңгеге жуық) төлеген.
«Сатып» алынған дауыс нарықта орта есеппен 60-80 рубль арасында тұрады», — деп түсіндірді сарапшылар.
Дауыстарды еселеуге шамамен 38 мың бот қатысқаны хабарланды.
Олардың сөзінше, жеке тұлғаларға рәсімделген SIM-карталар көмегімен компаниялар айналысады.
Еске сала кетейік, Group-IB Алсудың қызына жалған дауыстар берілгенін анықтаған болатын.
Осыдан кейін Бірінші арна байқау нәтижесін жоққа шығарып, жобаның тағы бір көрсетілімін өткізуге бел буды.