ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ МӘСЛИХАТЫНЫҢ СЕССИЯСЫ ӨТТІ

1166
Шымкент қаласы мәслихатының кезектен тыс елу екінші сессиясы өтті. Күн тәртібінде Шымкент қаласы әкімінің оған жүктелген функциялары мен міндеттердің орындалуы туралы есебі қаралды.
Сессияда қала әкімі Ғабидолла Әбдірахымов мәслихат депутаттары, зиялы қауым өкілдері алдында алты айда атқарылған жұмыстарды қорытындылап, есеп берді. Жиынға қала мәслихатының хатшысы Ғани Ташқараев қатысты.
Ғабидолла Рахматоллаұлы жыл басынан бергі қаланың әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткішкерін баяндап, индустариаландыру, инвестиция тарту, инфрақұрылым, әлеуметтік салалардың даму көрсеткіштеріне тоқталды. Есепті кезеңде ЖІӨ көлемі 2 пайызға, өнеркәсіп өнімінің көлемі 25 пайызға, орташа айлық жалақы 12 пайызға артып отыр. Қала бюджеті 219 млрд теңгеге жетіп, 79 млрд теңгеге ұлғайған. Ал индустриаландыру картасы аясында 3 жоба жүзеге асырылуда. Кәсіпкерлік субьектілерінің саны 14 пайызға өсіп, 65 687 бірлікті құрады.  Қалада 6345 пәтерлі 129 көп қабатты тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде. Сондай-ақ, қалада жаңадан 14 334 жұмыс орны ашылды.
– 2019 жыл жақсы жетістіктермен басталды. Осы аралықта мемлекеттік басқару жүйесін қамтамасыз етіп, қала әкімдігі, мәслихат жанындағы консультативтік кеңестер құрылды. 19 маусымда қаланың республикалық статус алғанына 1 жыл толды. Жыл басынан бері инвесторлармен көптеген келісімдер жасалды. Бағдарламалар дайындалды. Біз осы жұмыстарды әрі қарай жалғастыруымыз керек. Оған барлықтарыңызды атсалысуға шақырамын, — деді қала әкімі.
Мәслихат депутаттары қала әкімінің есебін оң бағалады. Шымкент қаласы мәслихатының хатшысы Ғани Ташқараев қалада кәсіпкерлікті дамыту, жастарды қолдау бойынша көптеген жобалар қолға алынғанын, барлық салада өсу бар екенін атап өтті.
ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ