Түркістан облысының прокурорымен өзекті мәселелерді талқылауға 500- ден астам адам жиналды

961
Түркістан облысының прокуроры Нұрғалым Әбдіров облыс өңірлеріне кезекті жұмыс сапарымен барды. Бұл жолы облыс прокуроры Бәйдібек ауданының Бөген, Жамбыл мен Шаян ауылдық округтеріне барып, әкімдіктердің алаңдарында халықпен кедесулер өткізді.
Сондай-ақ бұл іс шараға облыстың полиция Департаменті бастығының бірінші орынбасары А.Сейдуалиев пен аудан әкімі қатысты.
Кездесу әдеттегідей құқық бұзушылық пен қылмыстық істерді ашу және олардың алдын алу мақсатында жүргізілген жұмыстар бойынша қатысушыларға арналған аудан прокуроры мен полиция бөлімі басшысының мәлімдемесінен басталды.
Одан кейін облыс прокуроры азаматтармен жеке сұхбат өткізді. Олар жергілікті деңгейде өз шешімін таппаған мәселелерді көтерді. Қойылған сұрақтардың тақырыбы, негізінен, қылмыстық істің сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдарының сапасына, қылмыстардың кейбіреулерінің жиеленгенуіне, жолдардың сапасы мен басқа да ауданның әлеуметтік мәселелеріне қатысты болды.
Азаматтардың сұрақтарын тыңдап, облыс прокуроры аудан прокурорына арызданушылардың уәждерін тексеруді ұйымдастыру туралы бірқатар тапсырмаларды берді. Ал ауданның лауазымды қызметкерлеріне орын алған кемшіліктерді жоюмен қатар қылмыстық тәртіпсіздіктің алдын алуға бағытталған шараларды күшейту қажеттілігі бойынша ұсыныстар айтылды.
Іс-шара соңында облыс прокуроры ауылдың маңызды мәселелеріне тоқталып, соның ішінде кәмелетке толмағандардың қылмыстық құқық бұзушылық жасауы мен балалардың өз-өзіне қол жұмсауын ерекше атап өтті.
Кәмелетке толмағандар қылмысты экономикалық қиындықтарға байланысты және көңіл көтеру мақсатында жасайды. Статистика органдарының мәліметтеріне сәйкес 2019 жылдың он айында Бәйдібек ауданында кәмелетке толмағандармен жасалған үш қылмыс тіркеліп, 33% өсім көрсетті. Сонымен қатар, балалардың өз-өзіне қол жұмсауы бойынша бір дерек тіркелген.
Н.Абдиров атап өткендей, бүгінгі күні кәмелетке толмағандардың қылмыс жасауы мен балалардың өз- өзіне қол жұмсауы өзекті мәселелер болып табылады және олардың алдын- алу мақсатында тиісті кешенді шаралар қабылдауды қажет етеді. Жаңа деректер және талдау қорытындылары уәкілетті органдардың бұл бағытта жасалып жатқан жұмыстары тиісті деңгейде жүргізілмей жатқандығын көрсетеді.
Аталған мәселелерді назарға ала отырып, облыс прокуроры жауапты тұлғаларға кәмелетке толмағандардың қылмыс жасауы мен балалардың өз-өзіне қол жұмсауын алдын алу мақсатында тиімді шаралар қабылдауды ұсынды.
Қорытындылай келе облыс прокуроры ауыл тұрғындарын қадағалау органына сенім артқандары үшін алғыс білдірді.