Коронавирус салдарынан көз жұмғандар саны 800-ден асты

960
ҚХР-да коронавирус салдарынан өкпе қабынудан көз жұмғандар саны 800-ден асты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі ТАСС-қа сілтеме жасап.
Індеттің негізгі ошағы болған Хубэй провинциясында өткен тәулік ішінде ауруды жұқтырғандар саны 2147-ге өсіп, 81 адам қайтыс болды. Осылайша, Қытайда өкпе қабынудан  қайтыс болғандардың жалпы саны 803-ке жетті.
Хубэй провинциясында вирус 27,1 мың адамда анықталды, 780 адам қайтыс болды. Қытай бойынша ауруды жұқтырғандардың саны 36,5 мыңнан асты.
Еске салайық, Қытай билігі 2019 жылдың желтоқсан айының аяғында үлкен Ухан қаласында пневмонияның 2019-nCoV вирусының таралуын тіркеді. ҚХР-дан басқа, ауру 24 штатта, соның ішінде Ресейде де анықталды. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы бұл ауруды халықаралық төтенше жағдай деп таныды және оны көптеген ошақтары бар індет деп сипаттады.