Енді қазақстандықтар кез келген нысанға QR код бойынша кіргізілуі мүмкін

931

Бағдарлама қызыл, сары, көк және жасыл түстерге бөлініп, ПТР тесттің нәтижесі бойынша көрсетіліп тұратын болады.

Қазақстандықтар ПТР тесттен өткен-өтпегендігі және оның нәтижесі бойынша түс-түске жүктелетін болады, деп хабарлайды zakon.kz.

ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, аталған деректер «Ashyq» қосымшасында көрсетілетін болады.

Қазіргі уақытта бұл жоба карантиндік шаралар кезінде қызметіне шектеу қойылған бизнес өкілдері арасында (spa-орталықтар, фитнес орталықтар, кинотеатрлар) пилоттық режимде іске асуда. Егерде осы орталықтарға баратын болсаңыз міндетті түрде QR-кодты сканерлеп, кіреберісте көрсетуге тура келеді. Бағдарлама қызыл, сары, көк және жасыл түстерге бөлініп, ПТР тесттің нәтижесі бойынша көрсетіліп тұратын болады. Әр түстің мағынасы төмендегідей:

Қызыл түс – қозғалысты шектеуді, карантиндік шараларды қатаң сақтап, үйде оқшаулануды білдіреді.

Сары түс – көпшілік жерлерде қозғалысына шектеу қойылу, яғни азық-түлік дүкендеріне және өзі оқшауланып жатқан жерден 500 метрге дейінгі жерде орналасқан дәріханаға баруға ғана рұқсат етілген адамдар.

Көк түс – ПТР тест міндетті (мысала әуежайда) жерлерден басқа орындарда шектеу қойылмайтын жандар.

Жасыл түс – Ешқандай шектеу жоқ адамдар. Бұл адамдарда ПТР тест теріс нәтиже көрсеткен.

— Аталған бағдарлама карантиндік шаралар кезінде жұмысы тұралап қалған бизнес үшін және дені сау адамдарға қауіп төндірмеуге мүмкіндік береді. Егер келушілерде смартфоны болмаған жағдайда ЖСН арқылы немесе жеке куәлікте көрсетілген штрих код арқылы тексеретін де функция бар, — деп атап өтті министрліктегілер.
Алайда аталған жобаға байланысты қазақстандықтарда бірқатар сұрақтар мен наразы пікірлер пайда болып жатыр.