ҚОЖАБАЕВ ӨЗІ БИ, ӨЗІ ҚОЖА МА?

673

Шымкенттік прокурорлар Президент талабына қашан құлақ асады?

   

Мемлекеттік  органдар  мен өңірлердің басшыларына тиісті  реформаның   жүзеге асырылуы  үшін дербес  жаупкершілік жүктеледі . /Президенттің халыққа  жолдауынан/

Әшейінде,   қалауын таппасаң  « тырнақтың   астынан  кір  іздеп, түймедейді   түйедей етіп, қадалған  жерінен қан  алмай  қоймайтын» кейбір  прокурорлар  қарапайым  халықтың  басым  көпшілік   құқықтық мәселесін  шешіп жәрдем  беруге  келгенде, «жаны  ауырмастың басы ауырмас» дегендей  ыңғай  танытып, айтылған  заңсыздықтары  бойынша  прокурорлық  шара  көрудің  орнына, азаматтардың  құқықтық  сауатсыздығын  пайдаланып, қойған  мәселелеріне құрғақ, жалаң, шырмауық жауаптар қайтаруға  үйреніп  алғаны қоғамымызды  алаңдататыны  рас.

                

  Өйткені, аудан, қала, облыс  аумағында  прокурорларға  тікелей  басшылар жоқ. Ал,жергілікті  атқарушы  билік болмаса  мәслихат  депутаттары  да прокурорлардың іс  әрекеттеріне көп  жағдайда  араласа  бермейді. Осындай  жағдайда  прокурорлар    өз   аумақтарында  оларға «әй дейтін  әже , қой  дейтін  қожа  жоқ»  деп  түсінеді.

Егемендігіміздің 30-жыл  ішіндегі прокурорлардың  жеткен  жетістігі туралы  менен сауалнама ретінде  сұраса,жеке пікірім ретінде  айтарым: «прокуратура органдары бүгінде  қарапайым халықтың конституциялық  құқықтарын  қорғаудан шет қалған»-деп  айтқан  болар  едім. Сондықтан  да  көп замандастарымыз  өз құқықтарын тек  қана сот органдары  мен   БАҚ арқылы  қорғауға  мәжбүр.

Өкінішке  орай, бүгінде  кейбір прокурорлар қарапайым  азаматтарды  былай  қойғанда , БАҚ-тың тікелей  қызметіне  қатысты  сұрақтарына да  жауап  беруді  прокурор мырзалар мәртебесіне сай келмейтін шаруа  деп  есептейтін  сияқты.

Кейбір мемлекеттік  органдар  тарапынан журналистердің  кәсіби  қызметіне  кедергі  келтірген  жайттарға, прокурорлық  ықпал  жасап «ҚР БАҚ туралы  заң талаптарын  орындамағаны  үшін шара көреді» деген  прокурорларымыздың өздері  журналистерге қырын қараса, онда құқықтық мемлекетіміздің келешегі  не болмақ?

Сөзіміз дәледі  болу  үшін бір  ғана  мысал.

  Жақында  республикалық қоғамдық-саяси «Ар-Дақ» газетінің редакциясына  Шымкент  қаласының  тұрғыны Г.Борымбетова деген азаматша  өзінің қызметтен заңсыз  шығарылуына  байланысты, тиісті  органдардың  шешімімен  келіспей, осы мәселеге  қатысты  туындаған  сұрақтарына  прокурордың  араласып, заңды  болмаса заңсыз  тұстарына баға  беруін сұранған болатын.

   Алайда, Шымкент қаласының  прокуроры Қожабаев Мақсат  Аманқұлұлы  тікелей  қызметіне  қатысты жоғарыдағы сұрақтарға жауап берудің орнына, журналисттік сауалымызды  Шымкент қаласы  Аль-Фараби  аудандық прокуратурасына  жолдаған.

  Қазақстан Республикасы «Заңды  және   жеке тұлғалардың өтініштерін  қарау туралы» заңға  сәйкес, қала  прокуроры  М. Қожабаев  мырза  азаматттардың  қойған сұрақтарына  өзінің  құзыры жетпеген жағдайда  ғана, тиісті  органдарға  жолдауы керек болатын, әрине өзіне бағынышты прокурорға сілтей салмай.

  Ал, аудан прокуроры болса қойылған  сұрақтарға  емес, азаматша  Г.Борымбетоваға белгілі істің мән жайын қайта баяндаумен шектелген. Өзі  куә  болған істің мән  жайына қанық Г.Борымбетоваға  қайталаудың қажеті қанша еді?

Аудан  прокуроры Қ. Хандиллаев  мырза  қалалық  еңбек  инспекциясы  басқармасы  қызметкерлерінің  жүргізген  тексерулеріне  заңды, болмаса заңсыз  тұстарына прокурорлық баға  бергісі  келмеген.

 Егер  аудан  прокурорына қала  прокуроры,  не болмаса жоғары  жақтан  (тапсырыс немесе  сұраныс)  болғанда  аудан  прокуратурасы қайткенде  де  заңсыздықтар тауып, «қылмыстық жауапкершілікке тартамыз»  деп «на ровном месте»  оларға  проблеме туғызған  болар  еді. Олай  етпесе  прокурор бола  ма?

 Осы мәселеде ,тайға таңба  басқандай дәлелдеуді  қажет  етпейтін заңсыздықтарды   прокурордың байқамауы  мүмкін  емес. Ең  бастысы қарапайым  азаматтың бұзылған  құқықтарын   орнына  келтіруге  бағытталған  іс шараларды  жүзеге   асыруға    олардың   жауапкершіліктерінің   жоқтығында болса керек.

   Аудан прокурорының редакцияға жолдаған жалпылама құрғақ жауабына орай, қала  прокуроры  Мақсат  Қожабаевқа  қайталау ретінде сұрақтарымызға кәсіби прокурор ретінде  қайта жауап  беруін  сұрана  отырып, төмендегі жайттарды  атап көрсеткен болатынбыз:

   «Газет редакциясы  елімізде  реформалаудың  жаңа  кезеңінде   президент Қасым-Жомар Тоқаевтың  қойған талаптары  аясында, дербес жауапкершілік  танытып, өңір  басшысы  ретінде  қойылған сұрақтарға  нақты, дәйекті жауап беруіңізді  сұранады» -делінген.

     Бір таңқаларлығы, президенттің  бұл талаптары  қашан, қай кезде  айтылғанына  көз жеткізіп, басшылыққа   алудың  орнына, қала  прокуроры  М.Қожабаев мырза , өңір басшысына  сай  келмейтін  әрекетке  барып, қойылған  сұрақтарды  қайтадан  аудан прокурорына  жолдаған. Ал, керек  болса!

  Дүрдей прокурор М.Қожабаевтың мұндай әрекеті  оның кәсіби деңгейінің  қаншалықты екендігін, болмаса   БАҚ-қа  деген немқұрайдылығынан туындады  ма  екен?

  Шымкент қаласының  прокуроры  Мақсат Қожабаев  «өзім би, өзім  қожа  демей»   шешім  қабылдағанда, журналистің қарапайым сұрағын  қайтадан  аудан прокурорына жолдамай, қайткенде  де  президенттің  айтқандарын орындауға  кіріскен  болар  еді…

  Прокурор М.Қожабаев  мырза  президенттің халыққа  Жолдауын басшылыққа  алмағанның  өзінде, мемлекеттік   қызметтің  Әдеп кодексі  талаптары  аясында өңір басшысы, оған  қоса «Нұр-Отан» партиясының  мүшесі ретінде  әдептілік танытып, адами тұрғыдан өзінің тікелей  қызметіне қатысты  БАҚ тарапынан қойылған  сұрақтарға   жауап бергенде ,қарапайым  халық  та ,журналист  те  прокуратура органдарына  алғыстан  басқа  айтары  болмас  еді ғой .

 Президенттің жолдауында «Мемлекеттік  органдардың  жұмыс  нәтижесін, халықтың  ахуалын сауалнама жүргізу  арқылы бағаланатын  болады»  деп атап көрсеткенін прокурор мырзалар ескере ме?

  Алдағы  уақытта  прокуратура  жұмысы  жайлы халық арасында сауалнама  жүргізіп, оның  нәтижесін  БАҚ арқылы  жариялап отыратын боламыз.

Еркін Керімбайұлы журналист, Шымкент қаласы