НӘУБЕТТІ ЖЫЛДАР ШЕЖІРЕСІ

965
Шымкент қалалық білім басқармасына қарасты «Энергетика және байланыс колледжі» кітапхана меңгерушісі Назанова Салтанат Сүгірәліқызы «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында 31 мамыр Саяси қуғын — сүргін құрбандарын еске алу күніне байланысты «Нәубетті жылдар шежіресі» тақырыбында тарихи сағат өткізілді. Мақсаты: Қазақ халқының тарихындағы қасіретті кезеңде солақай саясаттың құрбаны болған қазақ халқының зиялылары туралы мағлұмат беру. Олардың есімдерін құрметтеуге, ұмытпауға тәрбиелеу, сондай — ақ сол уақытқа тәуелсіз ел ұрпағының көзімен баға беру. 20 — 03, 20 — 05 топ студенттеріне кітап көрмесі таныстырылып, оларға шолу жасалынды.
26 мамыр қүні өткен ХХғасыр қазақ халқының тарихында ұлы оқиғалармен есте қалды. Сол оқиғалардың ішінде «мың өліп, мың тірілген» халқымыздың басынан өткен 1930 — 1938 жылдар ауыр да азапты кезең болды. Өткенге ой жіберіп, осы күнге жете алмай, армандап өткен асыл ағаларымызды еске алу, ұмытпау — әрбір ұрпақтың парызы. Ақиық ақын М.Мақатаев
Біздер мына дәуренмен бірге өстік,
Қарап соның қабағына күн кештік.
Уақыттың үніменен тілдестік,
Уақыттың көшіменен бір көштік.
Біз жараттық мынау ғажап ғасырды.
Тарихы оның біздерменен ашылды,
Біздің мына қолтаңбамыз басулы,
Құрметтеңдер жиырмасыншы ғасырды! — деп өзі өмір сүрген ғасырға осылайша баға берді.