«Түнгі қаладағы балалар» жедел профилактикалық іс-шарасы өткізілуде

1724
«Түнгі қаладағы балалар» жедел профилактикалық іс-шарасы барысында Қаратау ауданында 47 жасөспірім анықталды, деп жазады қалалық полиция департаментіне сілтеме жасаған «ardak.kz» ақпараттық агенттігі.
2021 жылдың 17-30 маусым аралығында Шымкент қаласының аумағында «Түнгі қаладағы балалар» жедел профилактикалық іс-шарасы өткізілуде. Іс-шара барысында Қаратау аудандық полиция басқармасы Ювеналдық полиция бөлім қызметкерлері түнгі уақытта кәмелетке толмағандарға қатысты немесе олар тарапынан жасалатын құқықбұзушылықтың алдын алу және жолын кесу мақсатында арнайы бағытқа бөлініп, жастар көп шоғырланған орындарында және түнгі уақытта ойын — сауық орындарында мақсатты рейдтік іс-шаралар жүргізуде.
Іс-шара аясында кәмелетке толмағандар тұратын қолайсыз отбасыларға, полиция органдарының есебінде тұрған кәмелетке толмағандарға бару және тұрғын — тұрмыстық жағдайларын тексеру жұмыстары қамтылуда.
Сонымен қатар, мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, құқықтық көмек пен кеңес бере отырып, тұрғындар арасында кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылық профилактикасы бойынша ішкі істер органдары қызметі туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілуде.