Мемлекеттік жастар саясаты – қоғамның стратегиялық ресурстарының дамуының маңызды бағыттарының бірі. Болашақтағы Қазақстанның жолы жас ұрпақпен тікелей байланысты. Бүгінгі күні жастар өзінің әлеуетін жүзеге асыру үшін жаңа мүмкіндіктерге ие. Осы үшін кәсіби мансап пен тұлғалық өсу қалыптастыруда тең мүмкіндіктер құрылуда.
Шымкент – жастардың қаласы. Қай жағынан қарасаңыз да олар шаһардың кез келген өзекті мәселесінің бел ортасында жүреді. Жыл сайын жастар арасында секцияларға, үйірмелерге, бірлестіктерге, ұйымдарға қатысушылар саны артып келеді. Бұл – қуантарлық жайт. Мәселен, жастар ресурстық орталығы жүргізген сауалнаманың қорытындысына сүйенсек, жастардың 76,9% түрлі үйірме және секцияға барып, спортпен айналысады.