ШАХМАТ КЛУБЫ БОЙ КӨТЕРЕДІ

619

Шымкент қаласы  Әл-Фараби ауданының әкімі Рашид Мыңбаев орталық саябақ ішінде орналасқан «Ақ тұлпар» шахмат клубының ардагерлерімен кездесті.    Өрелі ой мен салмақты пікір айтылған жүздесуде жасөспірімдер және ересектер арасында шахмат, дойбы және тоғыз құмалақ спорты жайлы әңгіме өрбіді. Аға буынмен жастарды аталған спорт түріне баулудың маңызды тұстарын талқыланды.  Орталық саябақта орналасқан шахмат клубы қаламыздағы ардагерлердің жиналатын бірден-бір орны.  Жас ұрпаққа спорты насихаттап, оның ішінде шахмат ойынының маңыздылығын түсіндіріп, бұқаралық спортты дамытып, салауатты өмір салтын насихаттауда ардақты ардагерлеріміздің орны айрықша.

Кездесу барысында  Әл-Фараби ауданының әкімі Рашид Мыңбаев қариялардың уақытын пайдалы етіп өткізу мақсатында орталық саябақтың орталық аумағында ақсақалдарға арналған шахмат клубы бой көтеретінін жеткізді. Онда қаламыздың қазынасы саналатын ақсақалдар үшін барлық жағдайлар жасалатын болады.»-деді Рашид Мыңбаев.  Бүгінгі жастарды шахмат,  тоғызқұмалақ секілді ойындарға баулып,  насихаттау керек екені айтылды.