БАЛАНЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІ БАСТЫ НАЗАРДА

920

Бүгін Шымкент қаласының білім басқармасына қарасты Ы.Алтынсарин атындағы 65 мектеп-гимназия инспекторы Беркінбай Азамат Ақылбекұлы кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын-алу және балалардың жол-көлік оқиғалары жарақаттарының алдын алу бойынша түсіндірме жұмысын жүргізді.

Жасөспірімді қоғамның жағымсыз әсерінен қорғауға, оның ішкі дүниесін және құндылық бағдарларын қалыптастыруға ерекше көңіл бөлу қажеттігін, кәмелетке толмағандарға алкоголь, темекі өнімдерін тұтынудың зияндығы туралы, кешкі және түнгі уақытта қоғамдық жерлерде кәмелетке толмаған жастардың жүруіне тиым салынғанын, 18 жасқа толмаған тұлғаларға қатысты қылмыстық және әкімшілік жауапкершілік тәртібін, сондай-ақ ата-аналар мен заңды тұлға өкілдеріне қатысты заңнамада көзделген жауапкершілікті түсіндірді. Балалардың жол-көлік жарақаттарының алдын алуы бойынша жол қозғалысы ережелерін сақтаудың қажеттілігіне мұқият болуды қатаң ескертті.