Елбасы «Алтын сапа» және «Парыз» сыйлықтарын табыстады

1604
Бүгін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Алтын сапа» және «Парыз» сыйлықтарының жеңімпаздарын марапаттады.
ЭКСПО Конгресс орталығында өткен «Индустрияландырудың екінші бесжылдығы: Қазақстанда жасалған» телекөпірі барысында Елбасы «Алтын сапа» және «Парыз» сыйлықтарының жеңімпаздарын марапаттады.
Назарбаев Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі республикалық «Парыз» сыйлығының Бас жүлдесі – Қазақстан Республикасы Президентінің Гран-приін «КазЦинк» компаниясының басшылығына табыстады.

Бұған қоса, Шымкент қаласының «Азала текстиль» компаниясы «Алтын сапа» Президент сыйлығының «Үздік индустриялық жоба» арнайы аталымы бойынша лауреаты болды. Жеңімпазға сыйлықты Елбасы ұсынды.
«Алтын сапа» Президент сыйлығының «Үздік инновациялық жоба» арнайы аталымының жүлдегері — «КазТехИнновэйшнс» компаниясы. Компания басшылығына сыйлықты Мемлекет басшысы табыстады.
Сонымен қоса, 2017 жылы бизнес жүргізуге қолайлы жағдай жасаған үздік аудан болып Батыс Қазақстан облысының Теректі ауданы танылды. Аудан әкіміне арнайы сыйлықты президент табыстады.
Және де 2018 жылы бизнес жүргізуге қолайлы жағдай жасаған үздік өңір болып Қызылорда облысы танылды. Облыс әкімі Қырымбек Көшербаевқа да сыйлықты Елбасы тапсырды.

Атап өтсек, бүгінгі телекөпір барысында Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев 28 қазақстандық кәсіпорынды онлайн режимде іске қосты.
Baq.kz