ЕҢБЕШКІ АУДАНЫ ЖАСТАРЫНА ТҮСІНДІРМЕ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

690

Шымкент қаласы Ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің жанынан құрылған «Мобильді тобы» мемлекеттік бағдарламалар бойынша ақпараттық түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Жастар арасында мемлекеттік бағдарламалар туралы кеңінен ақпарат берудің маңызы зор.
Ақпараттандыру жұмыстары Еңбекші ауданына қарасты “Север” сауда орталығында өтті.

Негізгі мақсаты сауда орталықтың жастарына орталықтың жұмыстары мен түрлі мемлекеттік бағдарламалар бойынша ақпараттар бере отырып, оларға бағыт-бағдар көрсету.