ЕРІКТІЛЕР ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ АКЦИЯСЫНА ҚАТЫСТЫ

660

Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ Еңбекші ауданы мамандарының ұйымдастырумен “Қайырымды істер марафоны” жобасы аясында мүмкіндігі шектеулі және әлеуметтік жағдайы төмен отбасыға азық-түлік себеттерін үлестірді.

Қайырымдылық шараға «Мейірім» қайырылымдық қорының директоры Асан Жазира Тилеубергенқызы демеушілік жасады.

Бүгін қайырымдылық шара барысында қазіргі таңда «Қарттар үйінің» есебінде тұратын және сол мекеменің атынан азық-түлік, киім-кешек тұрғын-жаймен қамтамасыз етілетін жалғыз басты мүгедек кісінің хал-жағдайын сұрап, азық- түліктер табыс етілді.

Кездесуде барлық санитарлық — эпидемиологиялық талаптар сақталды.