Бүгін Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар ісі жөніндегі басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің Абай ауданы мамандарының ұйымдастыруымен «Энергетика және байланыс колледжі» студенттерімен бірлесе отырып «Ұстаздар ұлы тұлға» атты іс-шара өтті.
Аталмыш шараның мақсаты білім нәрін бойларына сіңіріп отырған ұстаздарына алғыс айтып, ән мен биден өз өнерлерін ортаға салып, күнделікті қызығы мен қиындығы мол жұмыстан, бір сәт серпіліп, азда болса көңіл-күй сыйлау болатын.
Кеште барлық санитарлық — эпидемиологиялық талаптар сақталып, барша қатысушылар Ashyq қосымшасы арқылы кіргізіледі.