САУДА НҮКТЕЛЕРІНДЕ ЕСІРТКІ ЗАТТАРЫНЫҢ АЛДЫН АЛУ БОЙЫНША ТҮСІНДІРМЕ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

1024
Шымкент қаласының Полиция департаменті «Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының» қызметкері және Шымкент қаласы «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің Аутрич, NEET және жас отбасылармен жұмыс бөлімі мамандарымен бірлесе отырып қаладағы сауда нүктелерінде есірткі заттарын насихаттаудың және жарнамалаудың алдын алу бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Шара барысында сатушылар мен сауда иелеріне ашық түрде есірткі заттары бейнеленген киім-кешектерді, тұрмыстық бұйымдарды сатқаны үшін қолданыстағы заңнамаға сәйкес жауапкершілік қарастырылғаны атап көрсетілді.
Жауапты мамандар аймақ кәсіпкерлеріне жүгініп, адамның сезімі мен түйсіктеріне бейсаналық әсер ететін, есірткі заттарына қызығушылығын қалыптастыратын немесе оларды қолдайтын бейнелер мен жазулары бар заттарды сатуға тыйым салынғанын ескертті.
Алдағы уақытта осы бағыттағы жұмыстар әлі де жалғасатын болады.