БҰҚАРАЛЫҚ СПОРТТЫҢ ДАМУЫ – СПОРТ НЫСАНДАРЫНЫҢ ҚОЛЖЕТІМДІЛІГІНДЕ

970
Шымкент қаласында бұқаралық спортты, спорттық инфрақұрылымды дамыту, жоғары спорт шеберлігі бойынша жүйелі жұмыстар атқарылуда. 2021 жылдың 9 айында халықтың дене шынықтырумен және спортпен жүйелі түрде қамтылу көрсеткіші 31 %-дан асты.
Шаһарда 2021-2025 жылдары 115 заманауи спорт алаңдарын салу, «Металлург» стадионын қайта жаңғырту, №12 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің спорт кешенін пайдалануға беру, 14 мыңнан астам балаларға спорт секцияларын ашу, заманауи ипподром құрылысы және тағы басқа тиісті жұмыстар жүргізіледі. Осы жұмыстардың нәтижесінде халықтың бұқаралық спортпен қамтылуы 35 %-дан асады. 2021 жылы 4 096 бала спорт секцияларымен қамтылды.
Шаһарда спорт нысандарының саны – 890. Көпқабатты тұрғын үй аулаларының 77 % спорт және ойын алаңшаларымен қамтамасыз етілген.
2021 жылы спорт алаңшаларының құрылыс жоспарына сәйкес, Абай ауданында 33 спорт алаңша, Еңбекші ауданында 14, Қаратау ауданында 21 спорт алаңшасының құрылысы басталған. Жалпы 68 спорт алаңшаның құрылысы қолға алынған. Оның ішінде, жеке қаражат есебінен 14 спорт алаңша салынады.