Қазығұртта әкімдік мәжілісі өтті

1036
Аудан әкімдігінің жоспарына сай әкімдік мәжілісіне ауданның бірқатар мекеме басшылары қатысты. Әкімдік мәжілісінің күн тәртібінде екі мәселе қаралды.

Түркістан облысы, Қазығұрт ауданының әкімдігінің жоспарына сәйкес әкімдік мәжілісі болып өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі. Аудан әкімдігінің жоспарына сай әкімдік мәжілісіне ауданның бірқатар мекеме басшылары қатысты. Әкімдік мәжілісінің күн тәртібінде екі мәселе қаралды. Атап айтқанда, Қазығұрт ауданының елді мекендерін табиғи газбен және электр энергиясымен қамтамасыз ету жағдайы және жоспары туралы тұрғын үй-комуналдық шаруашылық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Бақберген Құралбаев баяндама жасады. Екінші кезекте ауданындағы тұрғындарға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасы, цифрландыру мәселесі бойынша ақпараттандыру және мемлекеттік қызмет көрсету мониториегі бөлімшесі басшысы Болат Момынов атқарылған жұмыстарын сараптама жасады. Жиын барысында сөз алған аудан басшысы Төлеген Телғараев барша атқарылған жұмыстарды одан әрі ширата түсуді тапсырды. Жиыннан соң аудан әкімі «Ауданның үздік мемлекеттік қызметшісі» конкурсының жеңімпаздарын алғыс хаттарымен және бағалы сыйлықтармен марапаттады.