ҮЗДІК ТҮЛЕКТЕРГЕ ДИПЛОМ ТАБЫСТАЛДЫ

901
Академик Әбдімұса Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университетінің түлектері салтанатты түрде диплом алды. «Ақ жол, түлек!» атты оқу озаттарына диплом табыстау іс- шарасы, қаламыздың ірі мәдени ошағы болып саналатын Түркістан мәдени сарайында өтті.
Аталмыш іс-шараға Шымкент қаласы әкімінің аппараты, ҚР Парламент Мәжілісінің және Түркістан облысы мен Шымкент қалалық мәслихат депутаттары, кәсіпкерлер, өңіріміздің зиялы қауымы мен қоғам-өнер қайраткерлері және басқа да мемлекеттік органдар мен ірі кәсіпорындардың басшылары қатысты.
Шымкент қаласының әкімінің орынбасары Білісбеков Ерғали Даулетбекұлы үздік бітіруші түлектерге жылы құттықтау сөзін айтып, дипломдарын табыстады.

Оқу ордасының биылғы бітірушілері баклавриаттың 15 білім беру бағыты бойынша және 30 дан астам білім беру бағдарламаларын бітірді. Сондай-ақ бакалавр және магистр академиялық дәрежесіне ие болды.

2021-2022 оқу жылында университеттің 6781 бітіруші түлегі дипломдарын алуда.Оның 100 ге жуығы Үздік диплом иегерлері. Төрт жыл бойы білім нәрімен сусындаған ұл-қыздар еңбегінің жемісін көруге асық. Алда бірін магистратура күтіп тұрса енді бірі еңбек жолын бастауға асық. Салтанатты жиында университет ректоры түлектерді құттықтап,үлкен өмірлік жолда ақ жол тіледі.

Университет ректоры Рабиға Қуатбекова университеттің аккредитациядан өткендігі және білім, ғылым, тәрбие саласында жоғары жетістіктер барысы туралы сөз етті.
Қатарластарының алды болып білім айдынында жүзген ұл-қыздарына ата-аналарда дән риза.Оқытушы-профессорлардың берген ілімін іс жүзінде дәлелдейді деп сенеді.
 Іс-шараның жалғасы ретінде қазақтың ең атақты опера әншісі (сопрано), Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауриаты. Париждегі «Гранд Операда» Қазақстанның атынан өнер көрсеткен тұңғыш опера әншісі Майра Мұхамедқызы, Әл-Фараби аудандық полиция бөлімінің басшысы орынбасары полиция-полковнигі Байбұлатов Қайрат Өмірзақұлы, Шымкент қаласы қоғамдық кеңестің мүшесі Ашетаев Рустем Есәмханұлы, «Өрлеу» Біліктілікті арттыру ұлттық орталығының Шымкент қаласы бойынша кәсіби даму институтының директоры Искакова Лаура Тұрлыбекқызы мен BI Group компаниясының даму бөлімінің басшысы Ертарғын Сұлтан және «Қазақстан халық Банкі» АҚ Шымкент өңірлік филиалының өкілі Анарбаев Шерзат Захитжанұлдары да үздік бітіруші түлектерге жылы сөздерін айтып, жас түлектердің үлкен жолдарында ақ болсын деді. 
Үздік түлектерге дипломдарын табыстау барысында өнер саңлақтары өз өнерлерін тарту етті.