Шымкентте меморандум аясында 1776 бала жүзуді тегін үйренді

700

Шымкент қаласында балаларға жүзуді тегін үйретуге 10 меморандум бекітілді, деп хабарлайды ardak.kz ақпараттық агенттігі.

Департамент аудан әкімдіктерімен бірлесіп 2022 жылға балаларды, оның ішінде аз қамтылған отбасылардан шыққан балаларды тегін оқыту, шомылу орындарында жүзу бойынша бассейн иелерімен 10 меморандум бекітілді. Қазіргі уақытта меморандумға сәйкес, 1776 бала үйретілді. Шымкент қаласының Төтенше жағдайлар департаменті жазғы кезеңде балалардың қауіпсіз демалуына ерекше көңіл бөліп, су айдындарында балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп суда төтенше жағдайлардың туындау қаупін төмендету бойынша іс-шаралар кешенін жүргізді. Қауіпсіз жүріс-тұрыс мәдениетін қалыптастыру мақсатында оқу орындарында 24 интерактивті сабақ, 40-қа жуық жиын өткізілді, 30 билборд орнатылды, 22564 үгіт өнімдері (парақшалар, жадынамалар, брошюралар) таратылды, су айдындарында 55 тыйым салу белгілері орнатылды.

Жергілікті телеарналарда және ЛЭД экрандар арқылы бейнероликтердің көрсетілімі ұйымдастырылып, жазғы кезеңде судағы қауіпсіздік қағидаларын жеткізу мақсатында тақ күндері 22 республикалық, 4 жергілікті телеарналар мен 3 радиоарнаны (11 рет) ұстап алу жолымен түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Қалада су объектілері мен су шаруашылығы құрылыстарында жаппай демалу, туризм және спорт үшін 5 орын, шомылуға тыйым салынған 13 орын анықталған. Күн сайын қоғамдық орындарда болу, су пайдалану және судағы қауіпсіздік қағидаларының талаптарын бұзушылықтардың жолын кесу бойынша рейдтер мен патрульдеу жүргізіледі. Шомылу маусымында Департаменттің жедел-құтқару жасағының 55 құтқарушысы халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз етуді жүзеге асырады.

Сонымен қатар, қала аумағында 40-қа жуық жеке құтқарушы 18 объектіде суда қауіпсіздікті қамтамасыз етеді. Айта кетейік, Шымкентте жыл басынан бері судағы 2 жазатайым оқиға тіркелген.