Еңбекші: 30-дан астам көше жарықтандырылады

741

Биыл Шымкент қаласы Еңбекші ауданында 34 көшені жарықтандыру жоспарда бар, деп хабарлайды ardak.kz ақпараттық агенттігі.

Ауданда қазіргі таңда 18 көше жарықтандырылды. Еңбекші ауданы аумағындағы 702 шақырымды құрайтын 611 көшенің қазіргі таңға дейін 103 көшесі жарықтандырылған. 2021 жылы мемлекеттік-жекешелік әріптестік бағдарламасына аясында 18 көшеге 20,9 шақырым жарықтандыру жұмыстары жүргізілді. Ал, желтоқсан көшесіне қайта құру жұмыстары жүргізілуде. Жыл соңына дейін 15 көше жарықтандырылады. 2023 жылға 37 көшені жарықтандыру жоспарлануда. Қала әкімдігі бекіткен жобаға сәйкес, мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында 2021-2023 жылдары 312 көшені жарықтандыру жоспарланған. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев үлкен қалаларда тұрғындарға қауіпсіз әрі жайлы орта қалыптастыруды тапсырған болатын. Осы тапсырманы орынау мақсатында Шымкент қаласының әкімдігі «Шымкент қаласын жарықтандырудың құрылысын салу, қайта құру және пайдалану» жобасын әзірлеген.

Жобаның аясында 2021 жылы Шымкентте 136 көше жарықтандырылды. Солардың арасында шалғай елді мекендер мен шағын аудандардағы Гүлдала, Жоламан, Ағайынды Тәжібаевтар, Сыздықов, Егемен ел, Қазына, Әлмахан қажы және Жабай ата, Аргоферма Қарасу, Ақсуат секілді көшелерді атап көрсетуге болады. Мұнан бөлек 2021 жылы 30 көшедегі ескі жарық шамдар, заманауи LED шамдармен алмастырылды. Шамы жаңарғандардың арасында Темірлан тас жолы мен Ю.Гагарин, Түркістан, Төле би секілді орталық көшелер де бар.

Жалпы, өткен 2021 жылдың қорытындысымен орталық маңызы бар 747 көшенің 356 көшесі жарықтандырылып, қамту көрсеткіші 43,4 пайызды құраған еді. Биыл атқарылатын жұмыстардың нәтижесінде Шымкенттегі жарықтандырылған көшелердің саны 458-ге жетіп, қамту көрсеткіші 61,3 пайызға жетеді деп күтілу-де. Жоспарға сәйкес, 2023 жылы тағы 106 көше жарықтандырылып, қамту көрсеткіші 70 пайызға жетеді.