САЙЛАУДАН БАЛАЛАРҒА БАЗАРЛЫҚ

971

Биылғы кезектен тыс Президент сайлауы бүлдіршіндерге қуаныш сыйлады. Сайлау 20 қараша – Халықаралық сәбилер күні мерекесімен қатар келіп, балғындар үшін арнайы игі іс қолға алынды.

Қаладағы сайлау учаскелеріне балаларымен келген сайлаушылар олжалы болды. Солардың бірі — «Мирас» шағынауданы ардагерлер кеңесінің төрағасы Төлеген Сапарұлы. Төлеген қария А. Құнанбаев атындағы мектепте орналасқан №274 сайлау учаскесіне жұбайы Ұлбала апа мен егіздер — Айым, Бегімді ерте келіпті.

—Біз өз таңдауымызды жасадық, ал балаларымыз сыйлық алып мәз. Бүгін халықаралық сәбилер күні екен. Осы жерге келіп, естіп жатырмыз. Барша ата-аналарды қос мерекемен құттықтаймын! — деді қария.

Сонымен қатар, Төлеген қарияға шапан жауып, егіздерге ойыншық үлестірді.

Айта кетейік, №274 сайлау учаскесінің комиссия төрағасы С.Юнусметовтің айтуынша, аталмыш учаскеге 2892 сайлаушы тіркелген. Оның 50 пайызға жуығы дауыс беріп үлгерген.

«Шымкент келбеті»
Суреттерді түсірген Серік ҚОСАЕВ.