Ердоған мен Путин Сочиде кездесті

1490

Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған Владимир Путинмен келіссөздер жүргізу үшін Сочиге ұшып келді. 

Екі ел басшыларының кездесуі халықаралық қауымдастықтың назарын аударды, өйткені келіссөздің мақсаты астық келісімін талқылау болып отыр. Түркия президенті Сочиге бір күндік жұмыс сапарымен барған.

Путин мен Ердоған соңғы рет 2022 жылдың қазан айында Астанада өткен Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары кеңесінің (АӨСШК) саммитінде жеке кездескен.

Шілде айында Ердоған Путиннің Түркияға келуге дайындалып жатқанын мәлімдеген, бірақ кейінірек, тамыз айының соңында түрік басылымдары Yeni Şafak пен NTV Түркия президентінің Ресейге баратынын хабарлады.