Ауыл партиясының төрағасы Әли Бектаев қызметінен кетті

689

Оның орнына Мәжіліс депутаты Серік Егізбаев төраға болып тағайындалды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Партияның жаңа төрағасы болып Парламенті Мәжілісінің депутаты Серік Егізбаев сайланды.

Серік Егізбаев 1963 жылы Батыс Қазақстан облысында дүниеге келген. Ауыл шаруашылығы саласында және мемлекеттік басқару органдарында еңбек еткен.